• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:31:02
Алматы
+35°

 

 Соңғы уақытта Қазақстандағы қор биржасында қызық жағдай орын алып жатыр: теңге -долларға қатысты нығайып, ал рубльге қатысты  керісінше әлсіреп барады.

22 ақпанда өткен күндізгі сессия  қорытындысында доллардың орташа бағамы T+0 есебі бойынша сауда көлемінің $218,5 млн болғандығын есепке алғанда   $1 доллар үшін    313,45 теңгені құрады.

Сол күні рубльдің орташа бағамы T+0 есебі бойынша   сауда көлемінің 10 млн рубль болғандығын есептегенде 1 рубль үшін  5,4600 теңгені құрады.

KASE-дағы  доллар курсы қаңтардың соңында жылдық минимумдарын жаңартып, өзінің позициясын жоғалта бастады.

Қыс басталысымен АҚШ валютасы теңгеге қатысты  9% -ға  арзандаған.  $1 үшін  341 ден  314 теңгеге дейін арзандаған.  

 

Ал рубльге қатысты нығаю байқалмады. Forbes.kz  журналы сарапшылар пікірінен шолу ұсынды.

 

 «Асыл-Инвест» АҚ-ның директоры  Нұрлан Рахымбаев бұл жайында: «Ұлттық банк былтырғы жылдың қыркүйегінен бастап валюта биржасына, доллар бағамының өзгерістерне қатыстары жоқ екенін айтып отыр.

Осы ақпаратты ескере отырып, теңгенің долларға қатысты нығаюы  нарықтық факторларға байланысты болуы мүмкін»- дейді сарапшы.

Ол факторлардың ішінде:  мұнай бағасының өсуі, валюта депозиттеріне тігістердің азаюы, нарық қатысушыларының доллардан теңгеге көшу процесінің жүзеге асырылуы және т.б. бар.

«Мұнай нарығының қалпына келуіне қарамастан теңгенің төмендеп кетуі қауіптілігі осы жыл бойы сақталады.  Бұл болжам  доллардың әлемдік нарықта нығаюы мен АҚШ-тағы мұнай қорының өсуімен тікелей байланысты. 2017 жылдың басталуымен мұнай бағасы қалыпты жағдайға түсті» -деп өзінің ойын білдірді.

 

Ұлттық валютаның доллар мен рубльге қатысты екі түрлі жағдайда болуын «Цесна Капитал» АҚ-ның аналитигі Дархан Лұкпанов былай деп түсіндірді:

-Ресей мен Қазақстан экономикасының құрылымы ұқсас және валюта бағамдары да бірдей фактордың  ықпалымен өзгеріске түседі. Мәселен былтырғы жылы рубль доллар бағамына жылдамырақ  икемделіп, нығайды. Оның себебі, Ресей нарығының капиталаның шетелдік инвесторларға қолжетімділігімен түсіндірілді.

 

Алайда, осы орайда Ұлттық банк теңге бағамын рубльге қатысты нығайтуға байланысты шара қолдануға асықпайтынын атап өту қажет.

-Теңгенің долларға қатысты нығаю процесі қысқамерзімді. Біздің болжам бойынша,  теңгенің нығаюы жақын арада тоқтап, жаңа деңгейдегі қалыптылық сақталады.

-Бізді қызықтыратын мәселе Ресей нығайып келе жатқан рубльге қатысты не ойлайды?  Рубль нығайған сайын, Ресей Федерациясы валютасының нығаюына қатысты бейтараптық қатынасын байқауға болады. Ресей Қаржылық Министірлігі шетел валютасын сатып алу әрекеттерін жүргізіп, мемлекет мекемелері рубльдің нығаюын күтпеу қажет деген пікір білдіруде-дейді.

 

 «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ Департаментінің активтерді  басқару  директоры Айвар Байкенов теңге мен рубль құбылмалық жағынан өзгешеленетінін атап өтті.

- Соңғы уақыттары рубльдің нығаюы байқалып, теңге керісінше әлсізденген.Оның себебі шетел капиталының алып-сатарлық түсімі жоқ екендігімен түсіндіріледі.

Теңгенің нығаюын  аналитик салық төлемдерінің нәтижесі- дейді.

-  АҚШ-тың нарықтық статистикасының нашарлауы мұнай бағасының төмендеуіне алып келуі мүмкін.  Рубль де өз кезегінде қысқамерзімді құнсыздануды  $1 үшін 60-63 рубль бастан кешіруі мүмкін. Ішкі нарықтағы тігістердің азаюы мен теңгенің нығаю факті доллоризацияға  әкеп соғуы мүмкін. (Доллоризация- долллар валютасының мемлекет ішінде жиі қолданысқа иенуі, тіпті ұлттық валютаны шеттетуге дейін). Теңгенің 1$ үшін 330 теңгеге дейін түсуі байқалуы мүмкін, алайда бұл жағдай  қысқамерзімде орын алады деп болжалуда -дейді Айвар Байкенов.

 

 

 

Аударған: Назерке Мұса

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір