• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:23:32
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

 ERA_23762016 жылғы талдау халықтың шынайы  табысы 4,5 пайызға қысқарғанын көрсетті. Бұл соңғы 16 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш болып тұр.  Қазіргі кезде Қазақстандағы орташа айлық 136 777 теңгені – 416 долларды құрайды және 2007 жылдан бері төмендеп келеді. Жалдамалы жұмысшылардың басым бөлігінің табысын айқындайтын нақты көрсеткішке ие медианалық жалақы бұдан екі есе төмен, бірақ бұл туралы ешкім айтпайды. Біз бағыт алған ЭЫДҰ мемлекеттерін қарастырмағанда, дамушы елдердің қатарында да қазақстандық жалақы көңіл көншітпейді. Табыс деңгейі бойынша біз Иран, Қытай, Мексика мен Таиландтың соңындамыз. Бірақ ресми мәлімет бойынша,  2007 жылдан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінен де төмен табысы бар халық үлесі төмендеген, небәрі 2,5 пайызды құрайды. Яғни, бізде кедейлік деңгейі АҚШ пен Еуропаға қарағанда төмен-мыс, ақиқатқа жанаспайтын дүние.

Төмен жалақы мен кедейлік қалыпты тамақтану, ем алу, балаларға білім беру мүмкіндіктерін шектеу арқылы адамдардың өмір сүру деңгейін төмендететіндігі баршамызға аян. Бұл қазіргі кезде өткір экономикалық мәселеге айналып бара жатыр. Қазіргі табыспен адамдар үнемдеуге мәжбүр, сөйтіп тұтыну азаяды. Бұрын тұтыну деңгейіне тұтынушы несиелер демеу болса, қазіргі кезде бұл ресурс өз өзін тауысты, 2016 жылы 4 пайызға қысқарған.

Талдауға сүйенсек, соңғы екі жылда көтерме сауда минусқа кеткен (2014 жылдан бері құлдырауы 11 млрд. АҚШ долларын құраған), бұдан сауда мен қызмет саласындағы адамдар ғана емес, өндірістер де зардап шегуде. Отандық шикізат емес өнімнің басым бөлігі экспортқа шықпайтынын ескерсек, өнім өткізудің жалғыз мүмкіндігі ішкі нарық болып табылады. Төлемге жарамсыз сұраныстың азаюынан біздің кәсіпорындар өндірісті төмендетуге мәжбүр. Бұл өз кезегінде жалақының азаюына әкеліп соқтырады. Осылайша Қазақстан «төмен табыстар қақпанына» түседі.

Жасыратыны жоқ, қазіргі әлеуметтік индикаторлар жүйесі – тұтынушы себеті, өмір сүрудің ең төменгі деңгейі, ең төмен жалақы – жалған мәлімет, шынайы болмысты жасырып тұрған жалғандық. Халықтың тұрмысын жақсартудың орнына, Үкімет мәліметтерді жасырумен болды. Сол себептен коммунистер әлеуметтік саясатқа қатысты бірқатар шаралар ұсынған болатын және олар мемлекет басшысының мерейлік Жолдауында көрініс тапты. Елбасы Жолдауында өмір сүрудің ең төменгі деңгейі қазақстандықтардың шынайы тұтыну шығындарына сай болуы тиіс делінген. Бұл 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш миллион адам үшін базалық зейнетақы, мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылар үшін және адрестік көмек пен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандардың  жәрдемақы көлемінің көбеюіне мүмкіндік береді.

Президент 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік адрестік көмек көрсетудің шегін өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің көлеміне қарай 40-тан 50 пайызға дейін көтеруді және оның жаңа форматын енгізуді тапсырды. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейін санаудың ескі әдісін қайта қарастыру жоспарланып отыр. Оның көлемі шынайы тауар бағасы мен тұтыну нормасына жауап беруі тиіс.

Коммунистер Үкімет есептеу барысында кедейліктің шегі өмір сүрудің ең төменгі деңгейіне тең болуы тиіс екендігін назардан  қалдырмауы керек деп санайды және аталмыш стандарттарды құрастыру жұмысына қатысуға дайын. Бізге еліміздегі кедейліктің шынайы деңгейін қайта санау және бұл жағдайды өткір әлеуметтік мәселе екендігін мойындау керек. Бірақ шындықты қабылдай білу қажет, себебі ақиқатсыз экономиканы жаңғырту мүмкін емес. Қазіргі кезде кедейлік тек қана жұмыссыздықпен байланысты болып тұрған жоқ. Сондай-ақ, төмен табыстың салдарынан болып тұр. Бұған дейін «орта топқа» жатқандар қазір кедейлер қатарына өтіп жатыр. Сондықтан кедейлікпен күресу бағдарламасын қабылдау қажет деп санаймыз. Бұл бағдарламаны отандық тауарларға деген тұтынушылық сұранысты ынталандыру бағдарламасымен біріктіру қажет. Бұл міндетті түрде экономиканың нақты секторын дамытуға  мультипликативті әсер береді.  «Атамекен» КҰП мәліметі бойынша, 2016 жылдың өзінде Қазақстан 3 млрд. АҚШ доллары шамасында азық-түлік өнімдерін импорттаған: сиыр еті 36 млн. АҚШ долларына, пияз бен сарымсақ 35 млн. АҚШ долларына, қызанақ 70 млн. АҚШ долларына, картоп 16 млн. АҚШ долларына.

Мұндай кешенді бағдарлама құру ауыл шаруашылығы үшін шынайы драйвер болмақ, мемлекеттен қаржының жылыстауына кедергі болады және азаматтардың қал-жағдайларына оң ықпалын тигізеді.

 Құрметпен,

«Халық коммунистері»  фракциясының депутаттары

А. Қоңыров

Ж.Ахметбеков

Г.Баймаханова

М.Магеррамов

И.Смирнова

Т.Сыздықов

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір