• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:37:53
Алматы
+35°

03 Наурыз, 2017 Әлеумет

Шетелде берілетін жөргекпұлдың мөлшері жаға ұстатты

Қазақстанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бала тууына байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші және үшінші балаға 31...

Қазақстанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бала тууына байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші және үшінші балаға 31,41 АЕК-тен  38 АЕК-ке, төртінші және одан кейінгі балаларға 52,35 АЕК-тен 63 айлық есептік көрсеткішке артады. Яғни, 1-3 балаға бір реттік жәрдемақы 86 мың теңге болса, төртінші және одан кейінгі балаға 142 мың теңге берілетін болады деп жазады islam.kz.

Бұдан бөлек Қазақстанда бала күтіміне байланысты 1 жасқа толғанша берілетін ай сайынғы жәрдемақы да қарастырылған. Егер анасы жұмыс істемеген болса, бала бір жасқа толғанша шілде айынан бастап ай сайын бірінші балаға 13069 теңге, екінші балаға — 15451 теңге, үшінші балаға — 17811 теңге, төртінші және одан кейінгеі балаларға 20194 теңге төленбек. Ал қызметтегі әйелдер бала бір жасқа келгенше соңғы екі жылдағы орташа жалақысына байланысты жәрдемақы алады. Оны есептеу үшін екі жылдағы табысты  24 айға бөліп, 0,4 -ке көбейту керек. Сонымен қатар жәрдемақы берілген кезде 10 пайызы зейнетақы қорына ұсталатынын да ескерген жөн.

Әлем тәжірибесіне көз салатын болсақ, көпшілігінде балаға берілетін жәрдемақы әйелдің табысына байланысты болады. Мысалы, Италияда ата-ананың жылдық табысы 11422 еуродан төмен болса, балаға ай сайын 250 еуро жәрдемақы беріледі. Бұл көрсеткіш 27 693 — 30 403 еуро болса, әр балаға айына 38 еуро төленеді. Ата-анасының табысы 43 489 еуродан артса, жәрдемақы берілмейлді.

Өзбекстанда бір реттік жәрдемақы  31 041 теңге ( 299 550 сом). Бала екі жасқа толғанша ай сайын 23 281 теңге (224 665 сом) төленеді. Финляндияда баланың жәрдемақысын беретін кезде әйелдің жүктілік бойынша дер кезінде есепке тұруын міндетті түрде ескереді. Бұл елде балаға жәрдемақыдан бөлек «пакт» қарастырылған. Ол балаға қажетті заттар мен киім кешектерді қамтиды. Кейбір басылымдардың айутынша, оның бағасы ақшалай жәрдемақыдан да көп болады екен. Үндістанда бала күтіміне ешқандай жәрдемақы қарастырылмаған.

АҚШ-та бала тууына және күтіміне қатысты жәрдемақы тек әлеуметтік осал топтарға беріледі. Ал декретті демалыс компаниямен отырған әйелдің келісімшартына байланысты болады. Швейцарияда декрет тек төрт айға беріледі. Осы уақытта әйелдің соңғы 1,5 жылда алған орташа жалақысы төленеді. Егер әйелдің еңбек өтілі 1,5 жылға жетпесе, жәрдемақы берілмейді. Мемлекеттік қолдау ретінде берілетін ай сайынғы жәрдемақы 200 франк. Швейцарияда орташа жалақы 50 мың франк екенін ескерсек, бұл өте аз екенін аңғару қиын емес.

Сонымен, бір реттік жәрдемақы беретін елдер:

  • Эстония — 320 еуро. Үшем туса, әр балаға 1000 еуро.
  • Польша — әр балаға 120 еуро. (Ай сайынғы төлем 12 еуро)
  • Бельгия — бір балаға 77,05 €, екі балаға 219,63 €, үш балаға 432,50 €
  • Жапония — екі балаға 400 доллар, үшінші және одан кейінші балаларға 700 долар.
  • Германия — бірінші балаға 184 €, екінші балаға 368 €
  • Грекия — бірінші балаға  5,87 €, екінші балаға 12,13 €, үшінші балаға 22 €
  • Ирландия — бірінші балаға 140 €, екінші балаға 280 €, үшіншісіне 428 €
  •  Исландия — біріншісіне 115,25 €, екіншісіне 137,17 €. Жалғызбасты аналарға бірінші балаға 191,92 €,  екіншісіне 196,83 €
  • Франция — бірінші балаға жәрдемақы берілмейді. Екінші балаға 120 еуро, үшінші бала туғанда ай сайын 274 еуро

Кейбір елдерде бала белгілі бір жасқа келгенше ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған:

  • Ұлыбритания — 10 жасқа дейін  ай сайын 105 еуро; 10 жастан кейін — 70 еуро;
  • Голландия — әр балаға 6 жасқа толғанша айына 58 еуро, 6-11 жас аралығында 70,5 еуро, 12-17 жас 82 еуро;
  • Латвия — бала бір жасқа толғанша ананың соңғы бір жылдағы орташа жалақысының 70 пайызын төлейді;
  • Австрия — 0-3 жас — 105,40 €, 3-10 жас  112,70 €; 10-19 жас  130,90 €
  • Дания — 0-3 жас 145 €, 3-7 жас 131 €, 7-18 жас 103 €,
  • Испания — 18 жасқа дейін 24,25 €,  мүгедек балаларға 48,47 €
  • Нидерланд — 0-6 жас 58,11 €, 6-11 жас — 70,57 €, 12-17 жас 82,02 €.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір