• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:42:03
Алматы
+35°

10 Наурыз, 2017 NEWS

ЖАТАҚХАНАДА ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫМЕН БІРГЕ ТҰРҒАН ОРЫС ҚЫЗДАРЫ ҚАЗАҚЫ ТӘРБИЕ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕЛЕП БЕРДІ

Анфиса Шарипова 2009 жылы алғашқылардың бірі болып Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеттің жаңадан ашылған орыс бөліміне оқуға түскен болатын. Қыздар...

Анфиса Шарипова 2009 жылы алғашқылардың бірі болып Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеттің жаңадан ашылған орыс бөліміне оқуға түскен болатын. Қыздар университетінде білім алған орыс қызы оқу орынның оның өміріне қалайша әсер еткендігі жайлы әңгемелеп берді деп жазады «Нұр» сайты. «Қамшы» порталы өз кезегінде орыс қыздарының әсерлі әңгімесін қазақшаға аударып, оқырман назарына ұсынуды жөн деп тапты.

«Мен Солтүстік Қазақстанның қызымын. Ол жақта қазақ тілінде көп адам сөйлемейді. Алматыға келіп қатты таңырқадым. Тіл жағынан аздап қиналдым. Алайда жатақханадағы көршілерім жақсы болып шықты. Көршілерім Қазақстанның әртүрлі өңірінен келген қазақ қыздары болатын. Олармен жақсы тіл табысып кеттім. Қазақ тіліне икемделе бастадым. Солардан қазақтың ғұрпы мен мәдениеті жайлы кеңінен біле бастадым.  Қазақ тіліне деген қызығушылып артып, оны үйрене бастадым. Нәтижесінде «Қыз аруы» байқауына қатысып «Дана қыз» деген титул алдым»,-дейді Анфиса.Үшінші курсқа дейін жатақханада тұрған Анфиса жатақханадағы өмірдің оңай еместігін айтып берді. Жұмыс жасай отырып, жатақханада тұру ауыр. Таңда бірақ жұмыстан келетін мені комендант түсте келіп оятып алатын. Қысқасы, әскери өмір мұның қасында ойыншық  дейді ол.

«Ауылдан келген қыздар тыныш, байсалды, салмақты. Сонымен қатар қарапайым әрі қонақжай. Олар ет асып, көршілерді тамаққа шақыратын. Солардың көмегімен қазақша ет асуды үйрендім. Қазақтың қыздары мені салмақты, салиқалы болуға тәрбиеледі» деп ойын қорытындылады Анфиса. Айта кетерлігі, Анфиса Шарипова Ресейдің Петерборында фотомодель болып жұмыс жасайды.

Аталмыш оқу орынның тағы бір түлегі Ольга Войтовицкая да әсерлі әңгемесімен бөлісуді жөн деп шешті. «Мен дене тәрбиесі мен валеология кафедрасында білім алдым. Біз 12 адам болатынбыз. Орыс блімінде кадр жетіспеушілігі байқалатын. Қазақ бөліміндегі қазақ қыздарымен жақсы араластық. Олар көбінесе жатақханада тұратын. Мен Алматылықпын. Алайда топтың жартысы жатақханада тұратындықтан ол жаққа жиі баратынмын. Сол қазақ қыздарымен әлі күнге дейін араласамын. Қыздардың көбі күйеуге ерте шығып кетті. Білімін тәмамдап, көбісі ауылдарына оралды. Қазақ қыздарының мінезді ашық жарқын, өздері ақ көңілді. Дәстүрлерін қатты құрметтейді. Олар үшін бірінші орында отбасы, сосын ғана мансап тұрады. Отбасын құрса да білім алуды жалғастырды» дейді Ольга Войтовицкая.

Ольга Войтовицкая бүгінгі таңда Алматыда дене тәрбиесінен сабақ береді.

Аударған: Жазира Байдалы

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір