• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:21:39
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2017 NEWS

ВЛАДИМИР СОЛОВЬЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН ТЕРІС ПІКІРЛЕРГЕ ЖАУАП БЕРДІ

Ресейлік тележүргізуші өзінің Қазақстанға келіп семинар өткізуіне байланысты жазылған халықтың ашуынан туындаған пікірлерге жауап берді. Теріс пікір...

Ресейлік тележүргізуші өзінің Қазақстанға келіп семинар өткізуіне байланысты жазылған халықтың ашуынан туындаған пікірлерге жауап берді. Теріс пікір жазған адамдарды «жүйке-жүйесі ауытқыған ауруға» теңеді, деп жазады qamshy.kz.

Информбюро тілшісімен сұхбаттасу барысында Соловьев Қазақстанда міндетті түрде семинар өткізетнін айтты. Тілшімен еріп Радислав Гандапас пен Роман Василенко сынды кәсіпкерлер де келмек. Олар «Қатаң келіссөздер немесе Көшбасшы болу - өнер» тақырыбында шеберлік сағатын жүргізеді.

«Бұл хейтерлердің бәрі – өз әлемінде адасқан адамдар. Уақыттарын тек өшпенділікпен өткізеді. Ондайларды психологиялық тұрғыдан ауру адамдарға жатқызар ем. Олар осындай әдіспен өз аттарын шығырғылары келеді. Ондайларға менің түкіргенім бар, басқа адамдардың басындағы ойларды зерттеуге уақытым да жоқ. Мені шақыратын да олар емес. «Қазақстан – еркін мемлекет» дегенге күдікпен қарайтын болдым. Еркін мемлекет болса, басқа аймақтан адамдардың келуіне неге тыйым салады?» деп пікір білдірді Соловьев.

Оның үстіне әлеуметтік желіде ресейлік тілшінің Қазақстанға келуіне қарсы болып жазған пікірлердің санында есеп жоқ. Ресейлік азаматтың қазақтарға ақыл айтуына олар түбегейлі қарсы.

Семинар уақытында қандай да бір төтенше жағдай орын алмас үшін семинар өткізілетін ғимаратта полиция қызметкрелерінің болуы міндетті. Соловьев те сол полицияларға сенім артып отыр.

«Дау шығарғысы келгендер өздері білсін. Ондай сәтте Қазақстанның полиция қызметкерлері өз істерін біледі деп ойлаймын. Оның үстіне, Қазақстан Республикасының президенті мен премьер-министріне деген құрметім шексіз, оларды ерекше сыйлаймын. Мемлекеттің ішкі істеріне араласудан аулақпын. Менің мақсатым – адамдарды ораторлық шеберлікке үйрету. Егер кімде-кім бұл оиғаны саясиландырғысы келсе, оның артында үлкен қаржының тұрғандығы бәріне белгілі».

Айта кетейік, Владимир Соловьев қазақстандықтарға кәсіпке бастар жолды көрсетеді. 12 сағатқа созылатын 3 тренинг қатысушы көрермендерге қатарынан өткізіледі. Тілші ол жерде жетістіктің құпияларымен бөліседі, сондай-ақ кәсіптегі серіктестерімен келіссөздер жүргізудің жолдарын ашып көрсетеді.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір