• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:13:28
Алматы
+35°

17 Наурыз, 2017 NEWS

ЕЛБАСЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН САЙЛАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРДІ

16 наурыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

16 наурыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында елбасы тілшілердің Парламент депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды «Қамшы» порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 «Адамдар сайлаудың болғанын неге сонша қалайды? Жаңа сайлаудан кейін және үйленуден кейін керегіңді ала алмайсың деген сөз бар. Парламент 2021 жылға дейін сайланды, ол өз мерзімін толығымен атқарады», - деп жауап берді елбасы тілшілердің қойған сұрағына.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы қазіргі күн тәртібіндегі өзекті сауалдарға жауап берді.

Еске сала кетейік, кездесуге қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетінің, «Esquire» журналының, «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілішілері қатысты.  Сонымен қатар, ҚР Президенті кадр тағайындаудағы мәселелер жайында да сөз қозғады.

 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір