• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 02:52:25
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2017

Тақым қысатын сәт келді. Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі атануы мүмкін

Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі номинациясына ұсынылды, деп хабарлайды tengrinews.kz. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов кеше,...

Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі номинациясына ұсынылды, деп хабарлайды tengrinews.kz. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов кеше, яғни 26 наурыз күні хабарлады.

«Достар! Тағы да тақым қысатын сәт келді. Ертең Тікелей эфир 19:30-да Dragon TV(东方卫视) арнасында Азияның ең үлкен масштабтағы марапаты China Top music Awards шарасы өтеді. Димашымыз Best Asia popular singer ("Азияның Ең танымал әншісі") номинациясына ұсынылғандардың қатарында. Алғаш қатысып отырған xалықаралық марапаттан үмітіміз зор!!! Осы кеште Азияның әншілерімен бірге қызыл кілемнен өтіп, өнер көрсететін болады. Бәрі де Сіздердің тілектеріңізбен! Ал, жақсылыққа жориық!!!», - деп жазды әншінің директоры әрі досы.
 

Ал Димаш өзінің инстаграм парқашасында былай деп жазды: 

«Шанхай, Dears, ертең 15:00 қызыл кілемде (red carpet)/ 19:30 Mercedes Bens Arena-да кездескенше!!! Азияның ең үлкен масштабтағы China Top music Awards марапатында әдемі көңіл-күй сыйлауға тырысамын!!! Жақсы көремін».


 

Еске сала кетейік, кеше Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі. Ал сөзін Орал Байсеңгір жазған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір