• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:54:45
Алматы
+35°

30 Наурыз, 2017 Спорт

«Қазақстан Барысына» іріктеу басталды

Қазақтың нар тұлғалы батыр ұлдары тағы белдеспек! Елімізде 1-ші сәуірден дүниежүзіне әйгілі болған "Қазақстан Барысы" турниріне іріктеу басталады....

Қазақтың нар тұлғалы батыр ұлдары тағы белдеспек! Елімізде 1-ші сәуірден дүниежүзіне әйгілі болған "Қазақстан Барысы" турниріне іріктеу басталады. Оның үстіне биыл байрақты бәсеке «ЭКСПО» көрмесіне тұспа-тұс ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақ күресі ЭКСПО көрмесінің көрігін қыздырмақ. Сөйтіп төл спорт түрі тағы әлемге танылып, шетелдік туристер белдесуді өз көздерімен көре алады. Түйе балуандар қазір күні-түні дамыл таппай әзірленіп жатыр. Ал іріктеу алдағы сенбіден басталмақ.

Арман Шораев, Қазақ күресі федерациясының президенті:

–Жуырда өтетін додаға тек қана әскерилер емес, ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің палуандары қатыспақ. Бір емес 2 палуанға 1 және 2 орын алған палуанға жолдама беруге рұқсат беріп жатырмыз.

Ал іріктеу турнирі 3 ай бойы ауыл, аудан, облыстық деңгейде өтеді. Жүзден жүйрік атанған 34 түйе балуан ғана «Қазақстан Барысына» жолдама алады. Бірақ оларға қойылатын талап қатал. Қара күш иелері допингке қарсы тексерілмекші.

Серік Жарасбаев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:

–Допингке қарсы орталығында қан тапсырады. Қараймыз,тексереміз.

Ал қарсылас шақ келтірмеген білекті балуанға былтыр 25 миллион теңге мен пәтер кілті табысталған. Ұйымдастырушылар биыл да жүлде қоры бұдан артық болмаса кем болмайды деп отыр. Бұған қоса, балуандардың бәсекесі тікелей эфирде 120 елде көрсетіліп, оны 60 миллионға жуық көрермен тамашаламақ. Айтулы дода тұңғыш рет жаңадан тұрғызылған спорт сарайы «Барыс Аренада» шілденің 2-інде өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір