• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 18:09:37
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

30 Наурыз, 2017 NEWS

ЖҮЗ ЖЫЛ ІШІНДЕ АЛҒАШ РЕТ БЕРІЛГЕН АЛАШТЫҢ АСЫ (ВИДЕО)

«Қамшы» порталы оқырман назарына 5 наурыз күні Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде өткен 

«Қамшы» порталы оқырман назарына 5 наурыз күні Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде өткен Алаш Арыстарына арналған астан бейнематериал мен фотосуреттерден естелікті ұсынады. Видеоны Әли Әлешұлы, фотосуреттерді Ардақ Төлеубай түсірген.

Асты «Қамшы» ақпараттық агенттігі ұйымдастырды. Сондай-ақ астың өтуіне Ахмет Байтұрсынұлының өзі тұрған, қазақ интеллигенциясының ізі қалған Байтұрсынұлы үйі-музейінің директоры Райхан Сахыбекқызы қолдау білдірді. Айта кетсек, бүгін Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні. Сондай-ақ биыл Алаш Арыстары атылған қанды «37»-ге де 80 жыл толды. 

Асқа Президент Әкімшілігі жетекшісі орынбасары Марат Тәжин арнаулы құттықтау хатын жолдады. Асты танымал журналист, Алаш әскері туралы зерттеулер жасаған Болат Мүрсәлім жүргізді. Асқа жиналған қауым алдымен Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы бас мүфтиі Ержан Қажы Малғажар ұлы Майемеровпен бірге Алаш қайраткерлеріне, ғасыр бұрын Қазақстанның іргетасы Алаш Орда автономиялық мемлекетін құрған бабаларымызға құран бағыштады.

Асқа Алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді, Президенттің Парламенттегі өкілі Сабыр Қасымов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов, Алаш Қайраткерлерінің жарқын өкілі Мұхтар Әуезовтің ұлы, ғалым Мұрат Әуезов, Әлихантанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлы, «Қазақстан РТРК» басқарма басшысының орынбасары Қайнар Олжай, Ақжол Партиясы төрағасы орынбасары, Қазақ үні газетінің бас редакторы Қазыбек Иса, «Ақ орда» республикалық қозғалысы басшы Қайрат Сатыбалдының арнайы өкілі Қанат Мұсағұлов, Қазақстан Жазушылар одағының басшысы орынбасары Маралтай Райымбек пен Жанарбек Әшімжан, Тұран университетінің ректоры Рахман Алшанов, сондай-ақ елдегі беделді БАҚ өкілдерінің басшылары дерлік Асқа келді. Олардың ішінде «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай, «Жетісу» телеарнасының бас директоры орынбасары Серік Әбікенұлы, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Самат Ибраим, «Асыл арна» телеарнасының басшы Мұхамеджан Тазабек, «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы Марат Тоқашбаевтар, сондай-ақ Танымал журналистер Серік Абас-шах, Арман Сқабылұлы, саясаттанушы Айдос Сарымдар бар. Тарихшы ғалымдар Бейбіт Қойшыбай, Қайрат Сақ, Нәбихан Мұхамеджан астың құрметті қонақтары болды. Әрі Асқа Торғай өңірінен, Шығыс Қазақстан облысынан, Оңтүстік Қазақстан облысынан ресми қонақтар келді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір