• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:15:18
Алматы
+35°

"Қамшы" ақпараттық агенттігі еркін ой-пікір алаңы екендігін естеріңізге сала кетейік. 

"Байқап қарап отырсаң, латын әліпбиі бізге болашағымыз үшін өте керек нәрсе екен. Латын әліпбиімен өскен ұрпақ орыстың әрпі мен тіліне телміргенді қойып, санасы отарсызданады да, әлемдік нарықты игере бастайды. Яғни, "орыс әлемімен" байланысын үзіп, құлдық психологияның қамытынан құтылады. Дәл қазір осы құлдық психология екі-ақ нәрсеге сүйеніп тұр. Орыстың тілі мен алфавитіне. Егер екеуін алып тастасақ, отарсыздану (деколонизация) процесі өзі-ақ табиғи түрде жалғасып кете береді екен... Бұрын бұған мән бермеппін. Әзірбайжан мен Грузиядағы реформаларға қарап отырып, олардың аз ғана уақытта осындай жетістікке жеткенін байқадым. Оны өздері де сезбейтін секілді. Мына кириллица «орыс әлемінің» күретамыры екеніне енді көзім жетіп отыр. Өткен ғасырдың басында отаршылдар қазақты дүбәралай түсу үшін бірнеше рет алфавитін ауыстырғаны секілді, орысқұлдықтан да оның әліпбиінің көзін құртсақ қана құтыламыз. Коммунистер де кезінде халықты өткенін оқи алмайтындай етіп дүмшелеп жіберу үшін ең алдымен алфавитін ауыстырып, замандас болған бірнеше ұрпақты бірінің жазғанын бірі түсінбейтіндей қылып жіберген ғой. Бізге де алда дәл осындай тактиканы қолданып, жастарға «переформатирование» жасау керек. Кириллицаны алып тастасақ, кейінгі буын да өткен құлдық кезеңмен байланысын үзіп, жаңа идеологияға бейімделе бастайды...."

Жолымбет Мәкіштің фейсбук парақшасынан

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір