• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:04:01
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2017 Әлеумет

Жалдамалы баспанаға төлейтін ақша таппаған әйел екі баласын сол үйге тастап кеткен

35 жастағы келіншек екі баласын ақысы төленбеген жалдамалы пәтерде қалдырып, күйеуімен бірге кетіп қалған деп хабарлайды 

35 жастағы келіншек екі баласын ақысы төленбеген жалдамалы пәтерде қалдырып, күйеуімен бірге кетіп қалған деп хабарлайды halyknews.kz
 
35 жастағы краснодарлық Людмила К. үш айға пәтер жалдапты. Жас келіншек сол жерде күйеуімен және біреуі үштегі, екіншісі жетідегі екі баласымен тұрған. Пәтердің кезекті жалпұлын төлеу мезгілі келгенде, ол екі баласын тастап, күйеуімен бірге қашып кетіпті. Ерлі-зайыптылар балаларын қалдырғанымен қоймай, үй иесінің тұрмыстық техникаларын ала кетіп, оларды кейін ломбардқа өткізген көрінеді.
Ақшасын алуға келген пәтер иесі үйде балалардың жалғыз отырғанын, дүниесінің қолды болғанын көреді. Сөйтіп, ол қашқын ерлі-зайыптыларды бір тәулік күтеді де, содан кейін полиция шақырады.
Үш жасар Влад пен жеті жастағы Ксения жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, екеуі де науқас. Ал ана әйел жалдаған үйінің кофе қайнатқышын, үй кинотеатрын, қысқа толқынды пешін алып кетіп, ломбардқа өткізіп жіберіпті.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір