• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:43:23
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2017 NEWS

56 ЖЫЛ БҰРЫН АДАМЗАТ БАЛАСЫ АЛҒАШ РЕТ БАЙҚОҢЫРДАН ҒАРЫШҚА «ВОСТОК» КЕМЕСІН АТТАНДЫРДЫ

12 сәуір – ғарышкерлер күні. Осыдан 56 жыл бұрын адамзат баласы алғаш рет Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа «Восток» кемесін аттандырды.

12 сәуір – ғарышкерлер күні. Осыдан 56 жыл бұрын адамзат баласы алғаш рет Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа «Восток» кемесін аттандырды.

Аңызға сүйенсек, Қорқыт бабамыз осыдан сан ғасыр бұрын-ақ, қазіргі Байқоңыр мекенін «жердің кіндігі» деп атап кеткен.  Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жердің тартылыс күші аз, экваторға жақын, ғарышқа ұшыруға ең қолайлы орын» деген қорытынды жасаған. Осылайша, алғашқы әуе кеңістігіне адам баласы Қазақ жерінен аттанған.  

1961 жылдың 12 сәуірі, сағат тоғыздан жеті минут өткенде Ю. Гагарин «Восток» кемесімен 302 км. биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10-нан 55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға қонды. Осылайша, Юрий Гагарин күллі адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері - Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері. Батырымыз ашық кеңістікке Қазақстан Республикасының көк байрағын, қасиетті Құран кітабын және бір уыс қазақ топырағын ала барған.

Халық қаһарманы Айдын Ақанұлы Айымбетов – қазақ тарихындағы үшінші ғарышкер,ғарышқа Қазақстан Республикасының туын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жалауларын алып ұшты.

Ерен ерлердің ел алдында еңселері биік. Қазақ халқы осындай батыр ұлдарымен мақтанады! Ғарышкерлер күні құтты болсын! 

Қамшыгер: Алина Болатбек

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір