• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:33:50
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2017 NEWS

Бигелді Ғабдуллин: ҚАЗАҚСТАНДА БАҚ ТӨРТІНШІ БИЛІК ЕМЕС, БИЛІККЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУШІ ҒАНА

«camonitor.kz» сайтында журналист Бигелді Ғабдуллиннің еліміздегі журналистер жағдайын, жалпы БАҚ халін сипаттаған

«camonitor.kz» сайтында журналист Бигелді Ғабдуллиннің еліміздегі журналистер жағдайын, жалпы БАҚ халін сипаттаған материалы жарық көрген болатын. Ауруын жасырған өледі демекші Қамшы АА әріптесіміздің жанайқайын дүйім жұрттың назарына ұсынуды жөн санады.

«Мәселе мынада, соңғы уақыттарда көптеген мемлекеттік БАҚ өкілдерінің төрағалық қызметіне кәсіби деңгейлері төмен және басшылықтан үнемі сескенетін мамандарды тағайындап қояды. Олар батыл қадам жасауға, өз пікірін толық жеткізуге қорқады. Сондықтан билік басындағылардың тапсырыстарын бұлжытпай орындап отырады. Бұл масқара жағдай.

Қазақстандық БАҚ өкілдері билікке қызмет етеді. Нәтижесінде, біздің журналистика биліктің заңдастырылмаған қосымша жеке меншіктері секілді болып қалды. БАҚ өкілдері ешқандай биліктегі қызметкерлерге бағынбай, саясатқа араласуы керек.

Қоғамда осыған байланысты мынандай қағида қалыптасқан: саясатта екі ойыншы бар: бірі билік болса, екіншісі БАҚ, екеуі бір-біріне жау. Біз, барлық қазақстандықтар, бұл процестің белсенді мүшесіміз. Біз «Қазақстан» атты бір кеменің жолаушыларымыз. Кез-келген журналистке кез-келген уақытта еркіндік берілетін болса, соншалықты ақиқатты айтуға батылы барар еді. Қазіргі журналисттер ойындағысын толық жеткізе де, пікірін ашық жаза да алмайды. Бізге журналисттік батылдық жетіспейді. Әсіресе, қазіргі уақытта.

Кез-келген қазақстандық азамат шынайы ақпаратты таңдауға құқығы бар, сондықтан БАҚ өкілдері толық және шынайы, өзіндік түйін жасай отырып ақпаратты жариялауы қажет. Бұл үшін не істеу қажет? Ең бастысы, мемлекеттік және өзге де органдардан ақпаратты жедел түрде алатындай жағдай жасалуы керек. Осыған байланысты БАҚ өкілдеріне қатысты заң іс жүзінде орындалмайды. Айтпағымыз, 18 бап.

Танымал ресейлік журналист Павел Гутионтов баспасөздің кезекті әлсіздігі  қоғамдық пікірдің жоқтығының көрінісі және бұл қауіпті деп жақсы пікір білдіреді.

Журналистиканың деңгейі бұрын қазіргідей болған жоқ. Баспасөз қызметкерлері сын айта алады, пікір білдіреді, ұсыныс жасайды, бірақ нәтиже жоқ. Биліктегі адамдар газеттегі және сайттағы мақалаларды оқиды, теледидар көреді, бірақ ешқайсысына бағдарламалар мен мақалалар әсер етпейді. Оларға басшылық тапсырма бергеннен кейін немесе белгілі бір оқиға халықты шулатқаннан кейін барып өздеріне жауапкершілікті ала бастайды. Бұл журналисттерге де, биліктегілерге де қауіпті болып табылады.

Билік қызметкерлері БАҚ өкілдерінің барлығы бірдей өзара байланыс жасамайтынын әлі толық түсіне қойған жоқ. Баспасөздегілер бөлек бағытты, телевизия қызметкерлері де, ғаламтор  журналистикасы да бөлек бағытта жұмыс жасайды. БАҚ туралы барлық мәселелер үнемі кейінге қалдырылып отырады және билік баспасөзді қолдау барысында ешнәрсе жасап жатқан жоқ.

Нағыз журналистика сары басылымдағы ақпараттан және әлеуметтік желіні  қолданушылардың пікірінен өзгеше болатындығын ұмытпау қажет. Журналистика монитор алдында отырып өз ойым деп жаза беру, қолы бос уақытта әңгімелесу емес. Ол шынайы өмірмен, адамдармен тығыз байланысты.

Сонымен бірге Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздікті күшейту қажет. Сондықтан мемлекет Қазақстандық БАҚ-ты да дұрыстап қаржыландыруға міндетті.

Идеологиялық мәселелерді шешуге Марат Тәжин секілді тәжірибелі маманды тағайындағаны үшін қуаныштымын. Ол өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін, сенімді және сендіре білетін, өз идеяларын өмірде іске асыра алатын жан. Сондықтан мен оның БАҚ-қа қатысты түйткілді мәселелердің шешімін таба алатынына сенімдімін. Оған қандай көмек керек? Ешқандай, себебі ол көмекке мұқтаж емес. Тек кедергі жасамаса болғаны».

Материалдың тақырыбы өзгертіліп алынды.

Авторы: Бигелді Ғабдуллин

Аударған: Әсел Өтешова

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір