• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:40:15
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2017 NEWS

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КІМ ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІП ЖАТЫР?

Президенттің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға ел болып көмектесуге шақырған үндеуіне елдің әр түкпірінен қолдау көрсетілуде, деп хабарлайды

Президенттің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға ел болып көмектесуге шақырған үндеуіне елдің әр түкпірінен қолдау көрсетілуде, деп хабарлайды Қамшы АА.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударатынын хабарлаған едік.

Сенат депутаттарының бұл бастамасын Мәжіліс депутаттары да қолдап, бір күндік еңбекақыларын су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек ретінде аударуға шешім қабылдады.

Ұлттық Олимпиада комитеті де өздерінің бір күндік еңбекақыларын Ақмола облысында су тасқанынан зардап шеккендерге көмек ретінде аударды. Олардың бұл бастамасын құрамына бірнеше спорт федерациялары кіретін Спорттық жекпе-жек Конфедерациясы да қолдап отыр.

Сонымен қатар, «Астана опера» қызметкерлері де өздерінің бір күндік жалақыларын Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде аудармақшы. Бұл туралы театр баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада: « Театр актерлері Астанада «Жас Отан» жастар қанаты құрған су тасқынынан зардап шеккендерге көмек штабына тамақ пен киім апарып берді», - делінген.

Республикалық адвокаттар коллегиясы өз сайттарында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тегін кеңес беруге дайын екендіктерін  мәлімдеді.

Мәлімдемеде: «Су тасқынынан зардап шегушілерге заңдық көмекте қажет», - делінген. Тегін кеңес беру кезінде төмендегі сұрақтарға жауап алуға болады.

  1. Зардап шекендерге үй-жайларының мемлекеттік қордан қайтарылып берілуі;
  2. Қаржылай компенсациялардың толық өтелуі;
  3. Зардап шеккен азаматтардың денсаулықтарын оңалдыруға көмек берілуі.

Қазақстанның бірқатар облыстары да гуманитарлық көмек жіберуде. Қостанай облысы 23 сәуір күні 100 тонна гуманитарлық көмек жіберуге дайындап жатыр. Атыраулық белсенділер 70 тонна гуманиларлық көмекті Қарағанды облысына жіберді. Сонымен қатар, аймақтарға Астана, Алматы, Ақтау қалаларынан да гуманитарлық көмек көліктері жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет зардап шеккен аймақтарда қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ел бюджетінен 1 млрд. теңге бөлінетінін хабарлаған.

Тасқыннан зардап шеккен Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қайырымдылық қорлары құрылды. Еріктілер киімдер мен азық-түлік жинауға көшкен.

Су тасқындарының негізгі себебі елді мекендердің әкімдіктерінде су басуға дайындық бойынша басқарушы құжаттардың, су басуы мүмкін аймақтан халықты көшіру жоспарының, құлақтандыру жүйесінің жоқтығы немесе олардың жұмыс істемеуінің, сонымен қатар көшіруге арналған инженерлік техника мен автокөліктердің ахуалы төмендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл жағдайлардың барлығы гидротехникалық құрылыстардағы су өткізу қабілетінің төмендігін, олардың қардан толық тазаланбағандығын, күздегі су қоймаларын құрғату шараларының дұрыс жүргізілмегендігін танытты.

Ел басына түскен бұл қиындықтан бірлесіп шығамыз. Қайырымды жандардың істерін қолдаушылар қатары көбейеді деген ниеттеміз.

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір