• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:03:43
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2017 NEWS

ТІЛ ИНСТИТУТЫ МЕН KAZAK GRAMMAR-ДЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ

yvision.kz сайтында латын әліпбиіне байланысты жан-жақты салыстырмалы талдау жасалған

yvision.kz сайтында латын әліпбиіне байланысты жан-жақты салыстырмалы талдау жасалған материал жарияланған болатын. Латын әліпбиіне сәтті көшуіміз қазақ тілінің ертеңгі күні үшін маңызды мәселе екендігін ескере отырып, сезіне отырып орыс тіліндегі материалдың қазақшаға аударылған нұсқасын Қамшы оқырман назарына ұсынып отыр.

Қазақ тілін латын әліпби жүйесіне көшу 1929 жылы іске асырылған еді, алайда саяси және де басқа себептерге байланысты 1940 жылы Кеңес басшылығы одақтағы барлық латын жазуын қолданатын халықтарды мәжбүр түрде кирилл жүйесіне көшіреді. Бұл әліпбиді қазақ халқы 77 жыл қолданып келе жатыр (екі жүйені де еліміз өз еркімен қабылдамады). Бұны мемлекетіміз минимум дегенде алдағы 8 жыл қолданады. Қазақстан Республикасы нық және айқын түрде латын графикасына көшуді қабылдады, оның артық және кем тұстарына тоқтау аса қажеттілікті сұрамайды. Толық көшу 2025 жылдан бастап іске асыру жоспарлануда.

Айта кететін жайт: қазақ тілінің латын графикасын қабылдауы саяси қажеттіліктен туындамай, тек лингвистикалық, ыңғайлы ету сұрақтарын ғана қанағаттандыруға арналған қадам екенін ұмытпаған жөн. Бұл мәселе тілдегі кейбір сұраусыз қалып, шешілмей жатқан мәселелердің жауабын табуға көмектесуді ғана көздейді.

Ең алдымен, латынмен жазудың қандай артықшылықтары бар екеніне тоқтап кетейік:

  1. Тілдің модернизациялау мен адаптациялау «машинасын» қайтадан іске қоса аламыз. Бұл дегеніміз кірме сөздерді тікелей сөз шыққан тілден ғана алып, орыс тілінен «аялдауды» ұмытып, өз тілімізге сай өңдей аламыз дегенді білдіреді. Кеңес уақытында көптеген еуропалық тілдердің сөздері орыс тілінен еніп, қазақ тілінің емлелеріне сай бейімделмей, орысша айтылатын, әрі ол сөздер сол күйінде бекіп қалды (лагерь, артель, шахтер, -ия жұрнағымен бітетін сөздер, т.б.). Ал тіліміздің ережелеріне сай бейімделген сөздер тізімі: тәрелке, үстел, самаурын, бөрене, т.б.
    Тілдің бейімдеу иммунитетін қайтадан жаңғыртатын болсақ, елде қалыптасқан «орыс тілдік» стереотиптің «арқасында» халық кирилл әріптерімен жазылған сөздерді қабылдамауы әбден мүмкін, қабылдамайды да. 70 жылдық тілдің жаншылуы бізді бұл иммунитеттен әбден алшақтатқан. Қазақ тілінде қазір 42 әріп бар, ондағы әріптердің біршама бөлігі орыс тілді сөздерді жазу үшін ғана қолданылады.
  2. Digital әлеміне ену анағұрлым жеңілдей түседі. Технологиялар өзгеріп, олардың жаңарып отыруы ешкімге жаңалық емес, ал олар туралы еңбектер мен өнімдер бөлігі, нақтырақ айтатын болсақ, 99 %-ы ағылшын, яғни латын әліпбиінде шығады. Сонымен қатар латын жүйесін әлем бойынша 4 млрд. астам (!) адам қолданады, ол деген әлемдік интеграцияға кіру мүмкіндігін бере алады.
  3. Тілді үйрену анағұрлым жеңілдейді. Қазақ тілі елдің көптеген бөліктерінде шет тілі сияқты оқытылады, өйткені әлі де болса орыс тілінің әсері азаймай отыр. Сондықтан да латынға көшу бұл мәселені жеңілдететіні айдай анық. Негізгі факторлар: әріп санының азаюы, латынға көшудің әсерінен болатын сөз өзгерістері тілді тегіс етуі.  [Анар ханым – КТК]

 

Қандай да елді алмасақ та, ең басты рөл ойнайтын фактор – халықтың сана деңгейінде дайын болуы. Біздің артықшылығымыз – көрші мемлекеттердің тәжірибесін мысал ретінде қарастыра алуымыз.

Олай болса, басқа түркі тілдес мемлекеттердің латын әліпбиіне көшу тәжірибесін қарап, салыстырып қарайтын болсақ, көптеген қызық мәліметтерге кезігеміз.

  1. Түркия

1928 жылға дейін алыстағы қандас түркі халқы араб жазуын қолданды. Айта кетсек, араб тілі – семит тобының тілі (онда иврит, амхар, тигрін тілдері бар). Сол тілге негізделген жазба түркі тілдерінің жүйесіне толықтай сәйкес емес-ті. [http://www.languages-study.com/turkce-alphabet.html] Түркия мемлекетінің басшысы Кемал Ататүрік жазуды өзгертіп, тек тілге ғана емес, халықтың ойлауы мен өркениетіне де әсер ететінін білгендей, халық оның ұсыныстарын құшақ жая қарсы алды, терең өзгерістерден тұратын тіл реформалары да енгізілген-ді. Өзгеріс тек әріптерді ғана қамтымай, белсенді лексикаға да оңтайлы әсер етті: 1930 жылы түрлі басылымдардың құрамында таза түрік сөздері 30 процентті құраған болса, ХХ ғасырдың соңында ол 70-80 процентке дейін жеткен.
Алайда кейбір жағымсыз жағдайлар да орын алған еді, көптеген сөздер өзінің түркілік байланысының болмауынан қате аударылып, дұрыс бейімделмей енгізілген болатын.         
 

  1. Түркмения

Ниязов атындағы әліпби. 2000 жылдан бері қолданыста, жіберілген басты қателік – мемлекеттің дайындық жұмыстарының аздығы, себебі бастапқы уақыттарда жеткілікті түрде жаңа әліпбиге негізделген оқулықтар санының аздығынан мектеп оқушылары кирилл әліпбиін қолданып оқуға тиіс болатын.
 

  1. Өзбекстан

Өзбек әліпбиінің соңғы нұсқасы. Көрші мемлекетте әлі күнге дейін бұл нұсқаны толықтай енгізе алмай отыр. Кирилицада сол елдегі әдебиеттің 70% шығады, газет-журналдар басылады, ал телевидение екі нұсқаны да қолданады. Қолданыс таппай тұрғандықтың бір себебі – жазуға абсолютті ыңғайы жоқ топас жүйенің қолданылуы. Алайда латын жазуы қарқынын жыл сайын арттырып жатырғанын да көп естиміз. 
4. Әзірбайжан

 

 

Латынға көшу 1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін жалғасқан, әліпби 32 әріптен тұрады. Бұл қадам көптеген интеллегенция мүшелерінен қолдау тапты, керекті әдебиеттердің тізімі жасалып, латынға көшу сапалы түрде іске асырылған болатын.

Көшу жұмыстарын бітірген мемлекеттерді қарастыру аяқталды. Ендеше басты мақсат – ұсыныс ретінде қарастырылып отырған латын әліпбиіне көз жүгіртейік.

Алдымен, Мағжан Жұмабайдың сөзіне көз жүгіртейік:

«Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түркі тілімен сөйлейміз деген түркі балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Күндерде бір күн түркі балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түркі тілінің келешек тарығында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы.»

Осындай тілге жаңа рух пен дем бере алатын құрал – жаңа жазу жүйесі.

Талдауда халық пен блогерлер арасында, содан соң әлі де ресми жарияланбай тұрған Тіл институтының нұсқалары қарастырылмақ.

Қазіргі таңда Тіл институты 3 түрлі нұсқамен жұмыс жасап жатыр.

  1. Апостроф араласқан. Өзбек әліпбиіндегі «Ө» әрпін «O’», «Ғ» әрпін «G’» деп белгілеу арқылы жазу. Көршімізден ойдың толыққанды іске аспағандығын біле аламыз.
  2. Диаграф қолдану. «Ш» әрпін «Sh», Ғ әрпін «Gh», Ө «Oe» деп белгілеу. Бір ғана артықшылығы – компьютермен тергенде ешқандай ерекше әріптерді талап етпейді, ал кемшілігі көп: мәтін көлемі ұлаюды, теру жылдамдығы азайып, қабылдау да қиындай түседі.
  3. Диакритика. Әріптерге әртүрлі сызық пен белгілер қосу арқылы ұқсас дыбыстарды белгілеу әдісі (Öö, Ää, т.б).

Соңғы нұсқаға назар көп аударылады, басқаларға қарағанда ыңғайы жоғары. Дегенмен де диакритикалық әріптердің көп болуы жазу, оқу кезінде көріністі бұзады.

Сол жақтағы мәтіннің тазалығы байқалады, ал оң жақтағы нұсқада диакритикаға бай. Бірінші нұсқа оқуға ыңғайлығы мен эстетикалық жақтары ұтымдырақ көрінеді.

Ендеше, қарастырылатын нұсқаларға көшетін болсақ:

KazLatyn (BaiLatyn) – латын әліпбиінің стандартты 26 әрпіне негізделген нұсқа.

QazAqparat – түрік әліпбиіне негізделген.

А. Байтұрсынұлы атындағы институт нұсқасы

Kazak Grammar Nazi – энтузиастар құрастырған қазақ латын әліпбиі, жоғарыдағы салыстырмадағы бірінші нұсқа (мақала авторы осы нұсқаға бет бұрады және қолдайды).

 

KazLatyn (BaiLatyn) vs Kazak Grammar

KazLatyn (BaiLatyn)

▸ Kazak tylyne syngyp cetcen jat sozder cop’: kala, molda, shylde, akyl, aiyp, adyl, alym, adet, ylaj, omyr, ar, kurban, acym, aspan, dushpan, zanggar, kun, berece, patsha, dastarkan, sabyn, bedew, Asan, Usen, Samece, Shaibak, Sidak, Mambet, Madely, azyl, maskara, dawlet, apat, esep, nesybe, sert, aset, akyrap, jedy, duisenby, sarsenby secyldy taqy talai sozdyng bary kazak tylyne jat tylderden cyrgen sozder. Bul sozder byzdyng tylymyzge sonshama syngyp cetcen, kazak halky bulardyng jat ecendygyn sezbeidy. Baikap karasak, joqarqı sozderdyng bary de kazak tylynyng kay zangyna da conedy, kazaktyng tubyr sozderymen byrdei bolyp ozgeryp, kubylady.

Kazak Grammar

▸ Kazak tiline siŋip ketken jat sözder köp: kala, molda, cilde, akıl, ayıp, ädil, älim, ädet, ılaj, ömir, ar, kurban, äkim, aspan, ducpan, zaŋgar, kun, bereke, patca, dastarkan, sabın, bedew, Asan, Üsen, Sämeke, Caybak, Sıydak, Mämbet, Mädeli, äzil, maskara, däwlet, apat, esep, nesibe, sert, äset, akırap, jedi, düysenbi, särsenbi sekildi tagı talay sözdiŋ bäri kazak tiline jat tilderden kirgen sözder. Bul sözder bizdiŋ tilimizge soncama siŋip ketken, kazak kalkı b ulrdıŋ jat ekendigin sezbeydi. Baykap karasak, jogargı sözderdiŋ bäri de kazak tiliniŋ kay zaŋına da könedi, kazaktıŋ tübir sözderimen birdey bolıp özgerip, kubıladı.

 

QazAqparat vs Kazak Grammar

QazAqparat

▸ Qazaq tiline siñip ketken jat sözder köp: qala, molda, şilde, aqıl, ayıp, ädil, älim, ädet, ılaj, ömir, ar, qurban, äkim, aspan, duşpan, zañğar, qun, bereke, patşa, dastarqan, sabın, bedew, Asan, Üsen, Sämeke, Şaybaq, Sïdaq, Mämbet, Mädeli, äzil, masqara, däwlet, apat, esep, nesibe, sert, äset, aqırap, jedi, düysenbi, särsenbi sekildi tağı talay sözdiñ bäri qazaq tiline jat tilderden kirgen sözder. Bul sözder bizdiñ tilimizge sonşama siñip ketken, qazaq halqı bulardıñ jat ekendigin sezbeydi. Bayqap qarasaq, joğarğı sözderdiñ bäri de qazaq tiliniñ qay zañına da könedi, qazaqtıñ tübir sözderimen birdey bolıp özgerip, qubıladı.

Kazak Grammar
▸ Kazak tiline siŋip ketken jat sözder köp: kala, molda, cilde, akıl, ayıp, ädil, älim, ädet, ılaj, ömir, ar, kurban, äkim, aspan, ducpan, zaŋgar, kun, bereke, patca, dastarkan, sabın, bedew, Asan, Üsen, Sämeke, Caybak, Sıydak, Mämbet, Mädeli, äzil, maskara, däwlet, apat, esep, nesibe, sert, äset, akırap, jedi, düysenbi, särsenbi sekildi tagı talay sözdiŋ bäri kazak tiline jat tilderden kirgen sözder. Bul sözder bizdiŋ tilimizge soncama siŋip ketken, kazak kalkı b ulrdıŋ jat ekendigin sezbeydi. Baykap karasak, jogargı sözderdiŋ bäri de kazak tiliniŋ kay zaŋına da könedi, kazaktıŋ tübir sözderimen birdey bolıp özgerip, kubıladı.

 

QazAqparat нұсқасымен жазылған “ş”, “ğ”, “q” әріптері көп

мәтін және Kazak Grammar Nazi нұсқасы:

▸ Şağın şağında qaşağandıq Şıñğısqa Qapşağaydıñ şığısında bir şañğışınıñ Ninety One'nıñ şığarmaşılığa şağımdanğan şıñğırıwı estilgen.

▸ Şığanaqtıñ jağalawında şoğırlandırılğan üş uşqış: Şuğıla, Şağala jäne Şapağat aqımaqtanıp ketiwden şoşığandığınan şuğıl türde ağılşınşamen jäne şağatayşamen şuğıldanğan.

  • Ğaşığınıñ aşıwşañdığına maşıqtanğan şığay Qanış eşqaşan şarşamaydı.

 

  • Cagın cagında kacagandık Cıngıska Kapcagaydıŋ cıgısında bir cangıcınıŋ Ninety One'nıŋ cıgarmacılıgına cagımdangan cıngırıwı estilgen.
  • Cıganaktıŋ jagalawı cogırlandırılgan üc uckıc: Cugıla, Cagala jäne Capagat akımaktanıp ketiwden cocıgandıgınan cugıl türde agılcıncamen jäne cagataycamen cugıldangan.
  • Gacıgınıŋ acıwcaŋdıgına macıktangan cıgay Kanıc eckacan carcamaydı.

 

Көрініп тұрғандай, Kazak Grammar нұсқасы басқа нұсқаларға қарағанда ұтымды нұсқа ретінде көрінеді. Онда қолданылған шешімдерді ашып, қарастырып көрелік.

Kazak Grammar ұсынып отырған латын әліпбиінің нұсқасы

 

[ŋ] дыбысы кириллицада «ң» деп белгіленеді. Латиницада оған бірнеше қолданыс бар:

Ñ – юникодта қолданылатын қосымша латын символы, испан тілінде [ɲ] дыбысын білдіреді, диакритика.

Ń – поляк тілінде [ɲ] дыбысын білдіреді, диакритика.

Ņ – латыш тілінде [ɲ] дыбысына қолданылады, диакритика.

Ň – чех, словак тілдерінде [ɲ] білдіреді, түркмен тілінде

Ŋ – кеңейтілген латын әліпбиінің әріпі, [ŋ] дыбысын сипаттайды. Бүтін белгі (символ).

– бүтін белгі, 1929 жылғы «Жаңәліпте» қолданылған, алайда көптеген қаріптерде сирек кездеседі, қолданысы аз.

Қарастырылғандардың ішінде ең ыңғайлысы – Ñ және Ŋ, біріншісі жиі кездескенмен, диакритика, ал екінші әріп нағыз «ң» әрпін нақты сипаттайды, онымен қоса толыққанды әріп. «Ŋ» аламыз.

 

[ʃ] дыбысы кириллицада ш әрпімен белгіленеді, ал [ʃʃ] «щ» деп қабылданған, сондықтан латиницада оған арнайылап әріп шығарудың қажеті жоқ.

Қанағаттандыратын әріптер: Ś, Ŝ, Ş, Š. Әр түрлі тілдерде [ʃ] дыбысын көрсетеді, бірақ та барлығы диакритика, ал жаңәліпте C көрсетілген еді, осыны қабылдаймыз.

 

[ʒ] мен [j] әріптеріне «ж» мен «й» сәйкес.

[ʒ] келесі латын әріптері көрсетеді: Ź, Ż, Ž. Қайтадан диакритика, бірақ та қолданылмай қалған J және Y бар, соларды алсақ әбден болады.

Ң, Ш, Ж, Й әріптері үшін KG нұсқалары

[q], [k], [g], [ʁ] сәйкесінше қ, к, г, ғ әріптерін білдіреді. Олар – аллофондар, яғни фонема ретінде бірдей, бірақ та көршілес дыбыстарға байланысты өздерін әрқалай дыбыстайды. Мысалы,  [q] тек қана артқы қатарлы дауысты дыбыстармен ғана тұрады, ал [k] – алдыңғы қатарлымен. Олай болатын болса, артық әріптерді алып тастаймыз. Қ мен К «К» деп, ал Ғ мен Г бірдей «G» деп аламыз.
                                                       
Әріптердің келесі тобы кірме сөздермен байланысты, олар: Ф, В, Х, Һ.

Х мен Һ үшін екі түрлі әріп жасау түбегейлі дұрыс емес, Hh-мен ғана белгілеу абзал.

Кирилдық и, у әріптері бірнеше сұрақ туындатады, себебі олар бірнеше дыбысты білдіре алады. И — [ɤj], [ɪj], [i]; У — [w], [ɪw], [ɤw], [ɯw].  Латынмен жазғанда бұларды дыбыс реңіне қарай ашып жазуға мүмкіндік туады. Сиыр - sıyır, ине — iyne, иелік — iyelik, интернет — internet.
Ру — ruw, ауа — аwa, құйысу — kuyısıw, күйісу — küyisiw.

И, у әріптері үшін жаңа емлелер

«Ц» әрпі кірме сөздің шығу тегіне қарай S, Z арқылы белгіленеді. Неміс тілінен болса – Z, ал басқа жағдайларда – S.

Ю, Я әріптері – нағыз дифтонг, оларды бірнеше әріппен ғана белгілеу ұсынылады: аю – ayıw, яғни – yagnıy.

Ч болса C-ға айналады: чек – cek.

Олай болатын болса, Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» туындысының бір үзіндісі қалай болатынын анықтап көрелік:


Мәтінге қарап бұл әліпбидің көргенге жағымды, жазғанға ыңғайлы, небәрі 29 әріптен құралатынын айқын көре аламыз. Басқа түркі тілдерінің нұсқаларынан айырмашылығы бар.


Дәл қазір Тіл институты ұсынып отырған әліпби:


Диакритисы көбірек, қ, ғ әріптеріне арнайылап әріп жасалған, ал Kazak Grammar нұсқасы экстетика мен үнемділігі арқасында ұтымды болып көрінеді.

 

Автор: Kesantielu Dasefern

Қазақшаға аударған: Санжар Мәнепов

 

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір