• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:03:50
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2017 Саясат

Ресей Георгий лентасын енді Сирияға тықпалай бастады

Ресейдің ақпарат көздері Сирия территориясында алғаш рет Георгий лентасын таққан «патриоттық» акция басталды деп жалаулата жазды. Бұл туралы

Ресейдің ақпарат көздері Сирия территориясында алғаш рет Георгий лентасын таққан «патриоттық» акция басталды деп жалаулата жазды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Георгий бауын тағуды «Ресей бүгін» атты Медиа топтың Шамдағы бюросы Сирия Студенттер одағы мен Сириядағы соғысқандарды татуластыру орталығында ұйымдастырған.  

«Біз үшін жеңістің символы маңызды. Біз оны білеміз әрі мақтан тұтамыз.  Сіздердегі фашизмді жеңген символ сияқты біздің де терроризмді жеңіс символымыз болады. Ресейдің көмегімен біз жеңеміз», — деп қадай айтқан Дамаск университетінің орыс тілі кафедрасы басшысы Мамдух Абу-аль-Лувей.

Естеріңізге салсақ, Украинадағы 2014 жылғы саяси жағдай кезінде Қырымды аннексиялағын Ресей Георгий бауын насихаттай бастады. Георгий бауы Қазақстанда халықтың наразылығын туғызып, тыйым салынған еді. Оған балама ретінде Қазақстанда мемлекеттік ту түстес таспа қолданысқа енген.

Сондай-ақ, Украина Радасында да Георгий бауына байланысты дау туған болатын.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір