• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:55:18
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2017 NEWS

Халық банк тасқыннан зардап шеккендерге 50 миллион теңге қайырымдылық жасады

Сәуір айында Қазақстанның бірнеше облысында су тасқыны табиғи апаты болды. Осыған орай банктер арасында Халық банк алғашқы болып, тасқыннан зардап шеккендерге...

Сәуір айында Қазақстанның бірнеше облысында су тасқыны табиғи апаты болды. Осыған орай банктер арасында Халық банк алғашқы болып, тасқыннан зардап шеккендерге 50 миллион теңге қайырымдылық қаражатын бөлді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Дәл осындай қиын-қыстау сәттерге Halyk Bank жетекшілері мен қызметкерлері бейжай қарап қалмады. Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге #HalykFund қайырымдылық қоры әр өңірге 10 млн теңгеден жалпы сомасы 50 млн теңге бөлді.

Құрметті қазақстандықтар, бір кісідей жұмыла, көмек қолын созайық!», - делінген банк хабарламасында.

Оқырманды ақпараттандыра кетсек, төтенше жағдайлар комитеті жариялаған 27 сәуір күнгі ақпаратқа сай іс-шаралармен Қарағанды облысында бұдан бұрын су басуға ұшыраған тұрғын үйлердің барлығы тасқын суынан босатылды.

Тұрғын үйлерді тасқын суын сору және бұру жөніндегі жұмыстар 186 тұрғын үйді су басқан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жүргізіліп жатыр.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында да жалғасып жатыр.

Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге бір тәулік ішінде ТЖ комитетінің, жергілікті атқарушы органдарының, Ұлттық ұланның, ІІД және тартылған ұйымдардың 1529 адамы, 345 бірлік техникасы, 16 су сору құрылғысы және 23 жүзу құралы жұмылдырылды.

Бірлескен күштермен халық пен үй жануарларын эвакуациялау, су сору мен бұру, қорғаныш үйінділерін нығайту, психологиялық көмек көрсету, қорғаныш үймелерін мониторингтеу, қорғаныш бөгендерін тұрғызу, автожолдар мен бөгет денесін қалпына келтіру, құм салынған қаптар мен инертті материалдарды төсеу, топырақ үйінділерін салу, су айдындарын мониторингтеу, жағалауды нығайту, су деңгейін бақылау, қоғамдық тәртіпті қорғау, тәулік бойғы кезекшілік мен патрульдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Су тасқыны кезеңінің басынан бері Ақмола және Ақтөбе облыстарында 86 адам құтқарылды, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары елді мекендерінің 10 106 тұрғыны алдын ала эвакуацияланды. Олардың ішінде 6 622 адам өз үйлеріне оралды, 30 адам эвакопункттерде жатыр, 3454 адам туыстарында орналастырылды.

Ықтимал су басу аймақтарынан 21102 бас ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта 16 240 бас мал мен бас жеке шаруашылыққа қайта келді.

Қауіпті учаскелерде 44708 метр уақытша бөген тұрғызылды, инертті материалдары бар 228019 қап толтырылып, төселді, 1,5 млн. текше метрден астам су сорылды.

Солтүстік Қазақстан және Ақмола ТЖД-да «қауырт желі» телефондары жұмыс істеуін жалғастырып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір