• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:38:48
Алматы
+35°

28 Сәуір, 2017 NEWS

ШІРКЕУГЕ БАРАТЫН РЕСЕЙ МЕН МЕШІТКЕ БАРМАЙТЫН ҚАЗАҚ АРМИЯСЫНЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТПЕК?

Жақында Қазақстанның қарулы күштерінде әскери қызметкерлердің отбасымен суицидтік әрекеттер мен діни экстремизмнің алдын-алу шаралары өткізілген. Бұл туралы...

Жақында Қазақстанның қарулы күштерінде әскери қызметкерлердің отбасымен суицидтік әрекеттер мен діни экстремизмнің алдын-алу шаралары өткізілген. Бұл туралы Қазақстанның Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ҚР  Мәжіліс Парламентіндегі үкімет сағатында хабарлаған.  Министр Үкімет сағатында әскери қызметкерлердің мешітке баруына қатысты да пікір білдірді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Ресейлік golosislama.com сайтында Икрамутдин Ханның "Мечеть - зло для министра обороны Казахстана?"  (Мешіт Қорғаныс министрі үшін зұлымдықтың ордасы ма?) атты мақаласы жарық көрді. Онда Қазақстанның Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың әскери адамдардың мешітке баруына қатысты айтқан пікірін сынға алды. 

Айта кетейік, Қазақстанның қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов парламент Мәжілісінің депутаттарына солдаттар армияда мешітке бармайтынын айтқан.

«Біздің арамызда мешітке баратын немесе тағы бірдеңе істейтіндер жоқ. Солдаттар бір жылға армияға шақыртылады. Бір жылда ол уақытын казармада өткізеді және әскери білім алады. Басқасына уақыты жоқ» деді Сәкен Жасұзақов.

"Тағы бірдеңе істейді" дегенді қалай түсінуге болады? Бәлкім министр қызметі кезінде бес уақыт намаз оқуды меңзеген болар? Мешітке баруға осындай көзқараста болса, оған түбегейлі тыйым салуы да мүмкін ғой.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзын сақал мен қара киімге тыйым салу туралы пікірінен кейін республикада президенттің атап айтқандарға ғана қатысты емес (басқа түсті хиджапты киюге болады, ал сақалды бір қалыпқа келтіруге болады), бұдан да қатал қадамдарға баруы мүмкін. Қорғаныс министрінің әскери қызметкерлердің мешітке баруын дұрыс емес деп есептейтіндігі соған дәлел.

Ресейлік сайт Ресейде әр әскери бөлімнің жанында шіркеу бар екенін жазады. Солдаттарды кейде күштеп шіркеуге барғызады екен. Шіркеу қызметкерлері әскерилерге «қасиетті суын» шашады. Бұл әскеридің дінге деген көзқарасы мен қалауынан тыс жүреді.  

Осыған байланысты "Голос Ислама" қазақстандық министрге "Қақтығыз бола қалса, өмір мен өлімге діни көзқараспен қарайтын әскер ме, әлде Жасұзақов құрғысы келетін атеистер армиясы жеңіске жете ме?" деп сұрақ жолдайды. 

 

 

 

 

 

 

 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір