• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:13:22
Алматы
+35°

28 Сәуір, 2017 Әлеумет

52% қазақстандықтар қазақ тілінде еркін сөйледі, ал 44%-ы латын қарпін меңгермеген

ақпараттық агенттігің поштасына MediaNet халықаралық журналистика орталығынан латын әліпбиіне байланысты әлеуметтік сауалнама қорытындысы жайлы материал келіп...

Қамшы ақпараттық агенттігің поштасына MediaNet халықаралық журналистика орталығынан латын әліпбиіне байланысты әлеуметтік сауалнама қорытындысы жайлы материал келіп түсті. Оқырман назарына ұсынамыз. Алайда, қазақ халқы қағылез халық екендігін ескере отырып, латын қарпіне көшу аса қиындық тудырмайтынын, тудырған күннің өзінде мұның бәрі болашақтың, ұлттың қамы  үшін жасалып жатқан жұмыс екендігін ерекше атап өткіміз келеді.

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақ әліпбиін латынға көшіру» тақырыбында сауалнама жүргізді. 

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1829 адам қатысты. Әйелдер – 71%, ер азаматтар – 29%. Іріктеу ықтималдығы 90%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 1,33%-дан аспайды. 

Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама. Зерттеу 2017 жылы 17-21 сәуір аралығында жүргізілді.

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросының кезекті сауалнама қорытындысына сәйкес,  қазақстандықтардың 52%-ы қазақ тілінде сөйлей алады, 44%-ы латын әліпбиімен таныс  емес. Латын әліпбиін меңгермегендердің көпшілігі (46%)  – 40 жаста немесе 40-тан асқандар.  Жастар арасында бұл көрсеткіш азырақ. Олардың  24%-ы латын әліпбиін білмейді, 43%-ы түсінеді, бірақ латын әліпбиіне негізделген бірде-бір шет тілін меңгермеген. Елбасы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бастамасын көтергенде, балаларымыз мектеп қабырғасында ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйренеді. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындықтар болмау керектігін және жас буын өкілдерінің жаңа алфавитке тез көше алатынын айтқан еді. Ал жас буын өкілдерінің өзі латын әліпбиіне көшу  туралы не ойлайды?

Халықтың жартысы (54%) мұндай өзгерістер енгізудің қажеті жоқ дейді.  Бұл жауапты таңдағандардың 60%-ы – 18-29 аралығындағы жастар. Латын әліпбиіне көшудің  маңызын түсінген, бірақ дәл қазіргі дағдарыс уақытында бұл өте көп шығын қажет етеді дегендер – 30%. «Бұл – өзекті мәселе, қазақ әліпбиін латынға көшіру керек» деп бірауыздан қолдау білдірген қазақстандықтардың басым бөлігі – ересектер. 50-59 жас  аралығындағы респонденттердің 21%-ы 70 және одан үлкен жастағы қатысушылардың 30%-ы бұл пікірмен келіседі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір