• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:14:52
Алматы
+35°

28 Сәуір, 2017 Саясат

Барак Обама твиттерде отырғыш Трампты сынады

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама Дональд Трамп билікке келгелі бері алғаш рет оны сынға алды деп хабарлайды

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама Дональд Трамп билікке келгелі бері алғаш рет оны сынға алды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі TMZ-ге сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін Обама әріптесі жайлы ешбір жерде тіс жармаған болатын. Cұхбат алушы тарихшы Дорис Кёрнс Гудвинге Обама өзінің твиттер ашпағаны жайлы айтып берді. АҚШ-тың бүгінгі президенті твиттерде отырғыш, бәрін твиттерге жазғыш екенін жақсы білетін Обама бұл сөзімен Трампты шымшып алғысы келгендей болды.

The Post мәліметінше, 1,5 сағаттық әңгімесі үшін Обама $400 000 ақша алған.  

Трамптың твиттерде отыру Обамаға не үшін ұнамайтынын білмедік. Бір жағынан, әлеуметтік желіде отыру биліктегі адамды халықпен жақындастыра түсетін сияқты. Алайда нақты мәселені шешпей, твиттердегі жазбама қалайша көбірек лайк жинаймын деп бас ауыртып отырса Трамп ешкімге ұнамайтыны шындық. Біздің айтпағымыз, уақыт бәріне таразы.

Аударған: Жазира Байдалы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір