• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:36:00
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2017 Саясат

Тиллерсон Қазақстанның сыртқы істер министрімен кездесті

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Нью-Йоркте кездесіп, әріптестік мәселелері мен Сирия және...

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Нью-Йоркте кездесіп, әріптестік мәселелері мен Сирия және Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Жүздесуде Корей түбегіндегі жанжал да сөз болды.

Халықаралық аренадағы жағдай Қайрат Әбдірахмановтың БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуінде де талқыланды. Қазақстан өкілдері 28 сәуірде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің министрлер дебатына қатысты. АҚШ төрағалығымен өткен дебатта Солтүстік Корея жөніндегі мәселе талқыланды.

Халықаралық қауымдастық Корей түбегіндегі әскери жанжалдың өршуінен қауіптенеді. Соңғы бірнеше аптада Солтүстік Корея ядролық арсеналын күшейткенін күнде мәлімдеп жүр. Пхеньян жаппай қырып жоятын қарудың жаңа сынақтары өтетінін, аймақтағы америкалық күштерге соққы жасайтынын айтты.

АҚШ теңіз күштері мен атом сүңгуір қайығын Корей түбегінің жағалауына жеткізді. Вашингтон жыл соңына дейін Оңтүстік Кореяда Зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнатуды көздеп отыр. Ақ үй БҰҰ-ны Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір