• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:22:10
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2017 Әлеумет

Әйел-инспекторды тепкілеп, елді шулатқан «еркек» әкесін өлтірген қандықол қылмыскер болып шықты

Әйел-инспекторды ұрып соққан ер адам халықтың наразылығын тудырды. Республикалық көлемде дүрбелең тудырған бұл қылмыстың жай-жапсары белгілі болды деп...

Әйел-инспекторды ұрып соққан ер адам халықтың наразылығын тудырды. Республикалық көлемде дүрбелең тудырған бұл қылмыстың жай-жапсары белгілі болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, құжатыңды көрсет деп талап еткен әйел-инспекторды Ким есімді азамат аямай басынан, ішінен соққы жасаған. Мұның бәрі видеоға түскен. Қылмыс мектеп маңы алаңында орын алған. Мұның бәрі сол мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі көріп тұрған. Алайда ешкім әйел-инспекторға көмекке келмеген. Әйел-инспектордың бар жазығы – сабаққа бармай, ағаш кесіп тұрған баланың мектепке баруын талап еткені. «Менің балам» деп өтірік айтқан Ким инспектордың құжат көрсетуін талап етуін жақтырмай, оған қарсы күш қолданған болатын.

Patrul.kz-тің жазуынша, жоғарыда есімі аталған азамат бұрын-соңды сотталған азамат екен. Ол адам өлтіргені үшін 2007 жылы жазаға ұсынылыпты.  Психологиялық ауытқуы бар азамат үш жылын Алматы облысындағы Ақсай елді мекенінің психиатриялық  ауруханасында емделіпті. Қазіргі таңда қылмыскер екі айға ұсталынып, тергеу изоляторында отыр. Егер де сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде қылмыс жасау барысында есі дұрыс болғаны дәлелденсе, ол  5-10 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.  

Халықтың ызасын келтірген қылмыскер өзінің іс-әрекетін қылмыс деп санап отырған жоқ. Егер мені бала да тыңдамаса, баланың да көзін көгертуге дайынмын дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір