• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

04 Шілде, 03:37:55
Алматы
+23°

01 Мамыр, 2017 NEWS

Швейцариялық альпинист Эверест шыңын бағындыру барысында қаза тапты

Швейцариялық альпинист Уэли Стек Эверестті бағындыру барысында қаза болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі

Швейцариялық альпинист Уэли Стек Эверестті бағындыру барысында қаза болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі AFP сілтеме жасап.

Уэли Стек планетаның өзге де шыңдарын бағындырып үлгерген 40 жастағы альпинист еді. Оның табандылығы мен күш-жігеріне байланысты «Швейцария машинасы» деген лақап аты бар. 2015 жылы Уэли Стек Альпі жоталарының 4000 метрден жоғары 82 шыңын 62 күннің ішінде бағындырған болатын.

«Нупце шыңында қайғылы жағдай орын алды, Уэли Стек тайып құлаған болуы керек», - деп мәлімдеді Непал Альпинизм Федерациясының басшысы Анг Церинг Шепра.

Эверест – Жердің ең биік нүктесі (теңіз деңгейінен 8848 м). Тарихта осы шыңды бағындырам деп қаза тапқандар саны 280-нен асады. Биіктігі өте жоғары аймақта қаза болғандардың денесі кейде сол орында қалып жатады. Себебі, жылжыту құралдарының шамасы аталған биіктікте жұмыс істей алмайды. 

 

Аударған:  Алина Болатбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір