• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

04 Шілде, 03:50:06
Алматы
+23°

01 Мамыр, 2017 NEWS

«Крышасы» бар «әкімияттың қызы» ұсталды

Осыдан бір апта бұрын әлеуметтік желіде халықты дүрліктірген видео тарады. Қолында темекісі бар бойжеткен жол-көлік оқиғасына түскен азаматтар арасындағы...

Осыдан бір апта бұрын әлеуметтік желіде халықты дүрліктірген видео тарады. Қолында темекісі бар бойжеткен жол-көлік оқиғасына түскен азаматтар арасындағы жанжалды шешу барысында «крышасы» бар екенін, әкімшілікте жұмыс істейтінін айтқан болатын. Аталған оқиға бойынша тексеру жұмыстары аяқталып, мән-жай анықталды деп хабарлайды Қамшы  ақпараттық агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы, Талғар ауданы әкімшілік аппаратының меңгерушісі Ахмет Әшімахын болған жәйтке түсініктеме берді. Меңгерушінің айтуы бойынша оқиға орын ала сала, бойжеткеннің кім екені анықталып, әкімшілік аппаратында тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 23  жасар Салтанаттың аталған мекемеде таныс-тамыры жоқ болып шыққан. Түсініктеме беру барысында Салтанат орын алған жол-көлік оқиғасының әсерінен қатты қорқыныш сезімінде(шок) болып, не істеп не қойғанын білмегенін жеткізді. Белгілі болғандай, бойжеткен көпбалалы, қарапайым отбасынан шыққан. Талғар аудандық әкімшілік бөлімшелерінің бірінде екі жыл жұмыс істеген соң, жекеменшік мекемеге жұмысын ауыстырған. Одан бері, мемлекеттік қызметке еш қатысы болмаған.

Салтанат халықтан көз жасына ерік бере отырып кешірім сұрап, мемлекеттік қызметкерлерге күмән тудырып, әбіргерге салғаны үшін өкінетінін айтты. Бойжеткен халық түсіністікпен қарап, кешірім береді деп үміттенеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір