• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:02:37
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2017 Әлеумет

Араб қыздары алғашқы неке түнінен неліктен қорқады?

Алғашқы неке түніндегі қарым-қатынастан қыздардың қорқуы қалыпты құбылыс деп жазады

Алғашқы неке түніндегі қарым-қатынастан қыздардың қорқуы қалыпты құбылыс деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Кейбір қоғамдарда қыздың некеге дейін пәк болуын аса маңызды санап, қадағалап отырады.  Сондай қоғамдардың қатарында арабтар да бар. Араб қыздары тұрмыс құрғаннан кейін қорқынышты әлі күнге дейін сезініп  жүр. Айта кететін болсақ, арабтарда неке түнінен кейін қыз пәк болғанын тексеру үшін жігіттің жеңгесі немесе анасы бөлмеге келіп, төсек тыстарын қарайды. Осы жағдай да араб қыздарының қорқынышына себеп болатын шығар.

Алғашқы неке түніндегі жыныстық қарым-қатынастан қорқатын қыздарға атақты египеттік маман Хебе Котб өз кеңесін жеке сайты арқылы айтып, көмегін тигізуде.

«Мен жақында  тұрмысқа шығамын. Бірақ маған алғашқы неке түніндегі жыныстық қарым-қатынас өте қауіпті болып көрінеді. Мен жыныстық қарым-қатынас кезіндегі ауырсынудан қорқамын. Мен өзімді және күйеуімді қанағаттандыру үшін не істеуім керек?»,- деп жазады сайт қолданушысы.

«Ең бастысы жыныстық қарым-қатынас адамға қауіпті және қатты ауырсыну тудырады деген қағиданы құптамаймын. Сен бұл қатынас өзгеше романтикалық күйде өтетіндігін түсінуің керек. Бұл айсбергтің шыңы секілді бұл қарым-қатынас кезінде қиналуды да, сүйіспеншілікті де, ынтықтық пен махаббатты да сезіне аласың. Аталған қарым-қатынас әйелдің ағзасына түрлі өзгерістер әкелетіні белгілі. Бірақ бұл әйел ағзасына кері әсерін тигізеді дегенді білдірмейді»,- деп түсіндірді сексолог дәрігер Хебе Котб.

Ал ер адамды қанағаттандыру үшін Хебе Котб екі түрлі әдісті ұсынады. Оның алғашқысын рухани жағынан, келесісін ғылыми жағынан түсіндіруге болады екен. Рухани әдістің басты белгісі некеден кейінгі қарым-қатынас кезінде, өмірде сүннет болған амалдарды орындау. Ал ғылыми әдіске  неке түнінде ғылыми дәлелденген түрлі тәсілдерді қолдану жатады.

«Ең бастысы неке түніндегі аталған бұл қатынас өте қауіпті және түрлі ауырсынуды сезінесің деген қағиданы жою керек»,-  деп түйіндейді Хабе Котб.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір