• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:39:24
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2017 Саясат

КХДР-дың оқ-дәрілері соғыстың 2 аптасына ғана жетеді

КХДР сүңгуір қайықтарды және жүз мыңдаған артиллерия мен әскерлерін сынақтан өткізу арқылы өздерінің қарулы күштерінің шамасын көрсеткісі келеді деп хабарлайды...

КХДР сүңгуір қайықтарды және жүз мыңдаған артиллерия мен әскерлерін сынақтан өткізу арқылы өздерінің қарулы күштерінің шамасын көрсеткісі келеді деп хабарлайды бұрынғы АҚШ әскерінің Financial Times-қа берген сараптамасында.

Қазіргі таңда корей қарулы күштері әлемдегі ірі қарулы күштер қатарында және әскер саны 1милионнан асады. Дегенмен, көптеген зерттеулер нәтижесінде, КХДР-ның әскери саласында АҚШ пен оның одақтастарына қарсы тұруға көптеген мәселелер туындап, мүмкіндік бермей жатады. Мысалы: жанар-жағармай жетіспеушілігі немесе ескі техникалар.

Егерде корей халық армиясы соғыса қалса, отыз күн ішінде олардың сұйық отын түрі мен оқ-дәрілері сарқылған болар еді. « Мен көрген әскери жабдықтарды алар болсақ, тіпті 2 аптаға жетпесі анық», -дейді сараптаушы басылымға.

Пхеньянның хабарлауынша өздерінде 8600 артиллериялық бөлімше, 5500 оқ тұмсықтар жүйесі және 4300 танк бар. Дегенмен, Оңтүтік Корея қарулы күштерінің ақпарынша, олардың әскери техникасының негізгі бөлігі КСРО мен Қытайда «қырғи-қабақ» соғысы кезінде шығарылған. Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын өз армиясының барлық осал тұстарымен таныс болғандықтан, АҚШ-пен қарым-қатынаста тежеу стратегиясын пайдалануда.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір