• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:22:02
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Біздің қазақта ойын-сауықтан басқа ермек қалмаған ба?..

Мені онсыз да тым тойшыл, сауықшыл «қазағымызды мына  мерекеде де сынауды қоймайтын неткен жан» деп сөгерсіздер?

Мені онсыз да тым тойшыл, сауықшыл «қазағымызды мына  мерекеде де сынауды қоймайтын неткен жан» деп сөгерсіздер?

Бірақ үндемей қала алмадым. Таң атқалы экраннан амалсыз көргендерімнің өзі қатты шаршатып жіберді...

Бүгін Қазақстан(тек «Қазақ» емес) телеарналары әдеттегілерінен де асыра ойын-сауық, сайқымазақ, дәмсіз, нәрсіз телехабарларымен көрермендерінің миын азан-қазан жасауда...

Бұл не деген қаптаған концерттер, онда иінтіресіп отырған көрермендер, толып жатқан фонограммамен ғана өтірік ән салатын әншісымақтар, солардың өтірік тек ауыз ғана жыбырлатып тұрғандарын білсе де, білмеген сыңай танытып, ұйый тыңдаған қазақ көрермендерін қалай түсінуге болады?

Ана аузы-бастарын қисаңдатқыш, ауыздарына келгендерін айта салғыш,  бітпейтін сайқымазақ клоундар, таңның атысы, күннің батысы Қазақстан телеарналары мен концерт залдарын бермейтіндігі белгілі. Осылардың ауыздарына келгендерін айтқанына ішек-сілелері қата күлетін біздің сауықшыл көрермендерді түсінуден қалдым. Басқасын айтпаған да, қазір қазақтың несіне жетісіп күлетініне де түсінуден қалдым. Ана ыржаңдаған Қоянбаевтар мен Қабатовтар және т.б. жыртылып, айрылатын сайқымазақтардан шаршамайтын не деген көнтері, талғамсыз жандар едік?

Бұларды қолпаштатып қойған қандай «мықтылар» болды екен?

Соңғы кезде телехабарларды негізінен әйел адамдар ғана көптеп жүргізетін болғаны да, өтірік пе?

Сонда тележурналист қазақ жігіттері қайда кеткен?

Қорыта айтқанда, біздің қазақта ойын-сауықтан басқа ермек қалмаған ба өзі?..

 

Жұмаш Көкбөрі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір