• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:52:56
Алматы
+35°

 

Осыдан 16 жыл бұрын «Бинго шоу» бағдарламасынан 25 млн. рубль жеңіп алған жұмыссыз отбасының қазіргі жағдайын көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер. Жо-жоқ, сіз қателестіңіз. Олар қазір сіз елестеткендей шалқып өмір сүріп жатқан жоқ. 25 млн. рубльден  қазіргі уақытта түк те қалмаған.  Бұл қуанышты жаңалықты жолы болғыш отбасы бірнеше айлап емес, бірнеше жыл бойы тойлаған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Осындай үлкен көлемдегі ақшадан ешкім бас тартпаса да, көбісі дұрыс жұмсай алмайды. Сіздің қолыңызда миллион доллор болса қандай жұмсар едіңіз? Бірден пәтер, көлік, шет елдерге саяхат туралы ойлай бастайсыз.

Ұтыстың иесі Надежда Мухаметзянованың күйеуі 25 млн. рубльдің барлығы жұмсалып кеткендігін растап отыр. Оның әйелі бірнеше жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Қазіргі кезде әкесі мен баласы сатып алынған пәтерді жалға беріп, күнделікті қажеттіліктерін өтеп  отыр. Бұл отбасының жалғыз күнкөрісі.

«Біз достарымызға көлік сыйладық, қарызға ақша бердік нақтылап айтқанда, ақшамызды оңды-солды шаштық. Соңында өзіміз ақшасыз қалдық»,- деп өкінеді Мухаметзянов.

Бұл отбасы алғашында миллионер болды, кейін кедей, жұмыссыз күндеріне қайта оралды. Бұл олардың өміріндегі үлкен қателік.

«Ақша бар деп оны далаға шашпаңдар. Өз болашақтарыңды ойлаңдар. Өмірде өз қалаған армандарыңды орындаудан артық ештеңе жоқ»,- деп кеңес береді Мухатметзянов.

Дайындаған: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір