• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:00:13
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2017 Әлеумет

«Аdidas» кроссовкиін киген 1100 жастағы мумияның құпиясы ашылды

«Аdidas» танымал брендіндегі үш ақ жолақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған көрінеді. Сол кезде аяқ киімдерге теріден жолақтар қалдыру...

«Аdidas» танымал брендіндегі үш ақ жолақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған көрінеді. Сол кезде аяқ киімдерге теріден жолақтар қалдыру бұйымның сапалы екенінің көрсеткіші болған. Осы орайда, Адольф Дасслер(«Аdidas» негізін қалаушы) өз тауарының өзгелерден алыстан айқындап тұратын белгісі болғанын қалады. Осылайша, өз тауарларындағы тері жолақтарды аққа бояп тастайды. «Аdidas»-тағы үш ақ жолақтың пайда болу тарихы осындай.

Алайда, бұл идея б.з. Х ғасырында-ақ өзге біреудің ойлап тауып қойған идеясы болып шықты. Оған дәлел, былтыр Моңғолия жерінен табылған әйел мумиясы деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Археологтарды мумияның мың жарым жылдай бұзылмай сақталуы ғана емес,  аяғындағы үш жолақты бренд аяқ киімі таңғалдырған. Жорамалдар көп болды, ғажап құбылыстарға сенетіндер әйелдің заман арасында еркін ауысып жүре алатын қасиеті бар болуы керек деген пікірлерді де айтты. Алайда, бір жылға жуық жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, ғалымдар бірқатар қорытындыға келді: «Әйелдің жасы шамамен 30-40 жаста. Бас сүйегінен жарақаттар табылуына байланысты, басынан соққы алып қайтыс болғанын аңғаруға болады. Алайда, бұл оқыс болған оқиға ма, әлде шынымен өзгелер тарапынан соққы алған ба оны анықтай алмаймыз», - дейді Моңғолия Мәдени Мұралар Орталығының директоры Галбадрах Энхбат. Археологтардың зерттеуінше, әйел жоғары статустағы ханшайым немесе патшайым емес. Өйткені, көне заманда лауазымды адамдарды алтын-күмістерімен бірге көмген. Ал табылған мумия-әйел қарапайым тігінші болған. Бұл жорамалға негіз болатыны - бірге көмілген заттары тігу құралдары екені. Сонымен қатар, сапалы әрі сәнді киім қалдықтары. Аяқ киімнің сақталуы да сол кездегі сапаның мықты болғанын дәлелдеп отыр. Аяқ киім тізеге дейін келеді, мұқият сәнделген, сапалы, берік теріден тігілген екен.

«Аdidas» кроссовкиін киген мумия қазіргі таңда Моңғолия Ұлттық Мұражайына тапсырылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір