• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:35:19
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2017 Әлеумет

Қай бір жылы әкімдікте істегем,
Өңкей іскер бармақтарын тістеген.
Отыз мыңға отыз дүние жасап-ап,
Жүгіруден шаршап кетер міс денең!

Жасайтыным: іс-қағазды қараймын,
Барып-келем, анда-санда малаймын.
Жолым болмай жүргені тек болмаса, 
Жақсы ақша табуға да жараймын! 

Кей-кездері депутатша тұрамын,
Жазу-жазам, жоспарларды құрамын.
Тоғыз жүз мың алмасам да айына, 
Адалдығым – мына менің тұмарым!

Мен үшін қара xалық қазына!
Айлықтың да қарамадым азына,
Елім үшін еңбек етіп ерінбей,
Шыдап келдім қысы, күзі, жазына. 

Үй-жағдайым мәз емес шын менің де,
Ойсыраудың тұрмын әрең белінде.
Тоғыз жүз мың айлық қалай алмақпын?!
Топан сулар тоқтамаса елімде!

Бұл қалада мендей xалық жетеді,
Дүние жалған! 
Пенде келіп, кетеді.
Сол депутат ақшасының жартысын,
Кедейлерге берсе егер нетеді?!

Қайда қарап отыр біздің Нұр аға?
Бақыт құсы баста мәңгі тұра ма..
Су астында қалып кеткен еліңді,
Мен айтпайын, ал сен аға сұрама! 

Жылдар, айлар, керуендер көшеді, 
Жылдарыма жыртық жолдар төседі.
Бұл елімде кедей xалық 
қиналып,
Ал депутат жалақысы өседі..

..Жүр өтірік күліп, бірақ, шынында, 
Қара xалық маңдай соры бес елі!

Гүлназ Нұржанова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір