• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:44:31
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2017 NEWS

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ: ҚҰДАЙДЫ ӨЗ ЖҮРЕКТЕРІҢІЗДЕН ІЗДЕҢІЗДЕР

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты...

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасының жобасын қарау барысында рухани-адамгершілік тәрбие мен қоғамда халық арасында радикалдық діни идеяларды таратуға жол бермеу жөніндегі жұмыстарды жандандыруды тапсырды. 

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен жақында өткен кездесуде жас буынның діни білімсіздігіне ерекше назар аударды, деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.  

ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның поликонфессиялық мемлекет екенін және елімізде дін саласының мәселелеріне баса назар аударылатынын айтты. 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы қоғамдық сананың және жалпы қоғамның тұрақты әрі үйлесімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс.

Осыған орай ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне өңірлермен бірлесіп, рухани-адамгершілік тәрбие мен қоғамда радикалдық діни идеяларды таратуға жол бермеу жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет. Бұдан өзге, аталған салада дұрыс тәрбиелік әрі ағартушылық жұмыстарды бірлесіп атқарып, конфессиялар арасындағы келісімді нығайтуға күш салу керек.

ҚР Премьер-Министрі «Құдайды өз жүректеріңізден іздеңіздер, оны басқа еш жерден таппайсыздар» деген даналық сөзді еске түсіріп өтті. Сол себепті де, аталған жұмысты жүргізе отырып, қоғамның басты міндеті әркімнің жүрегіне осы түсінікті жеткізу болып табылады.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір