• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:28:24
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2017 Фото-баян

Балаларды құрбаны еткен «барселоналық қанішер» әйелдің сұмдық оқиғасы (ФОТО)

Энрикета Марти есімін атағанда көпшіктің бойында үрей туып, денесі түршігеді. Оны Италия азаматтары жақсырақ түсінер. Барселоналық әйел жас балаларды...

Энрикета Марти есімін атағанда көпшіктің бойында үрей туып, денесі түршігеді. Оны Италия азаматтары жақсырақ түсінер. Барселоналық әйел жас балаларды өлтіретін қанішер болған. Айта кететін бір жайт, Марти балаларды өзінің жеке қажеттілік, мұқтаждығы үшін емес жеңіл табыс табу үшін өлтірген.  Есімі тарихта ең қатігез қандықол қанішер ретінде қалған Энрикета Марти туралы жаға ұстатар деректерді Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Энрикета Марти 1868 жылы Барселонаға жақын қалалардың бірінде дүниеге келген.  Үлкен қалаға көшкен соң бала күтушісі болып қызмет істеген ол кейін өз тәнін сатып пайда табуға көшкен. Күйеуге де шығып үлгерген Марти тұрмыста тек бір жыл ғана болған. Жезөкше болып жүрген уақытында келушілердің "ерекше" қалауларын түсінген ол, жеке бизнес ашпақшы болады.

 1909 жеке борделін ашады. Алайда бұл оқиғаның ең сорақы тұсы-Марти бордельде қызмет етуші әйелдердің орнына 3 пен 14 жас аралығындағы жас балаларды педофилдерге ұсынған.

Жас балалар үшін көбірек қаражат табатынын түсінген ол, балаларды ұрлай бастаған. Арада біраз уақыт өткен соң бордельдің жұмысы тоқтап қалады. Алайда лауазымды клиенттердің бірі бұл істің жабылуына әсер етіп, бордель өз жұмысын жалғастырған.

Энрикета бордельді кедей ауданда ашпақшы болады. Осы кезде барселоналық қанішер әйелдің ойына басқаша идея келеді. Сол уақыттарда кішкене балалардың қаны арқылы туберкулез ауруын емдеуге болады деген пікір таралған. Әйел балаларды ұрлап олардың қанын дәрі-дәрмек жасауда қолданған. Бастапқыда олардың қанын, кейіннен сүйек, майларын қолданған екен. Балаларды өз үйінде өлтіре отырып түрлі кремдер мен маскалар жасауға пайдаланған.

Марти күндіз кедей әйелдің рөлінде өмір сүрген. Өзінде қаражат бола тұра тегін тамақ ішіп, сол арқылы өзінің нағыз бет бейнесін жасырған. Ал түнде сәнді көйлегін киіп ауқатты ортаға кіріп өзінің «тауарын» әйелдерге ұсынған.

 Көп балалардың өліміне себепші болған қандықол қылмыскер әйелді тек 1912 жылы ғана ұстау мүмкін болған. Көршісі жоғалған қыздардың бірін Мартидің үйінен байқап қалған. Қылмыскер әйелдің үйіне жасалған іздеу жұмыстарынан кейін  полиция сүйек қалдықтарын тапқан. Мартидің  3 пен 14 жас аралығында 40-қа жуық балалар құрбандары болды.

Өкінішке орай, Марти жауапқа тартылмастан қаза тапқан. Бірнеше рет өзіне суицид жасамақшы болған оны түрмеде белгісіз біреу өлтіріп кеткен. Арнайы тапсырыспен лауазымды клиенттерінің бірі өзінің есімі осы қанды оқиғада шығып қалмас үшін қасақана өлтірткізген болуы керек деген тұжырымдар айтылады.

Ең сорақысы, барселона элитасы, лауазымды адамдары денсаулық пен сұлулық үшін жасалатын дәрі-дәрмектердің қандай әдіс-тәсілдермен жасалатынын білген. Ал Энрикета болса, осындай адам шошырлық қылмысқа тек өзінің жеке пайдасы үшін ғана жасаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір