• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:21:20
+35°

02 Мамыр, 2017 Әлеумет

Академик Николай Семашко: Лениннің ең әлсіз жері миы болып шықты

Кеңес Одағының көсемі аталған Лениннің немен ауырғаны және саясаткердің әйелі Надежда Крупская күйеуі жайлы шын мәнінде қандай естеліктер айтқаны жайлы...

Кеңес Одағының көсемі аталған Лениннің немен ауырғаны және саясаткердің әйелі Надежда Крупская күйеуі жайлы шын мәнінде қандай естеліктер айтқаны жайлы зерттеушілерге белгілі болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. "Комсомольская правда" басылымында шыққан орыс тіліндегі материалды Қамшы қазақ тіліне аударып, оқырман назарына ұсынуды жөн деп тапты.

1924 жылдың 21 қаңтары әлемдік пролетариаттың көсемі Владимир Ленин қайтыс болған күн. Ленин неден көз жұмды? Қандай аурумен ауырушы еді? Оның миын бөлшектеп кесіп, зерттеу жасаған ғалымдар қандай жаңалық ашты? Лениннің жұбайына психологтар сұрақ қойғанда, нені айтты, қандай деректер әдейі сызылып тасталынды? Миллиондаған адамдардың қызығушылығын тудыратын бұл сұрақтардың жауабын филология ғылымдарының кандидаты, «Марқұмның өлгеннен кейінгі кемеңгерлігін анықтау үшін жүргізілген зертхана» атты бестселлер кітабының авторы Моника Спивак біледі. Ол осы уақытқа дейін құпия болып келген құжаттармен танысуға рұқсат алған.

 

Құпия болып келген дерт

Лениннің миы қайтыс болысымен-ақ зерттеу жасауға берілген болатын дейді Моника. Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Николай Семашконың берген есебінен үзінді келтірсек: «Владимир Ильич қан тамырының тысы тығызданып қатаюы аурумен ауырған. Былайша айтқанда, артериосклероз (атеросклероз-ред.). Аталмыш диагноз оның өліміне себепші болған. Себебі мұндай дертпен, мидағы қан тамырлардың нашар жұмыс істеуімен Лениннің ұзаққа бармасы анық».

 

Миының салмағы 1340 грамм

- Адамның миының салмағы оның дарындылығының коэффицентіне әсер етпейтіндігін ғалымдар білетін. Алайда Лениннің миының салмағы нормаға сәл жетпейтін. Миының орташа салмағы сол уақытта 1400 грамм болып саналатын. Мысалы, Тургеневтің миы 2012 грамм, Байронның миы 1800 грамм болған. Алайда Лениннің миын ашып, оны зерттеп, өлшегеннен кейін ендігәрі  мидың орташа салмағы 1300 грамм болып есептелінсін деген шешім шығарады.

Зерттеушілер мәлімдемелерінде Лениннің дерті оның жұмысбастылығының, көрген қиындығы мен тартқан азабының нәтижесінде пайда болған деген қорытынды жасады.  Академик Николай Семашконың айтуынша, «склероз, ең біріншіден, миды зақымдайтын, азып-тоздыратын». «Жалпы ауру деген нәрсе адамның ең әлсіз жерін жабысады, Лениннің ең әлсіз жері оның миы болып шықты»,- дейді академик. Лениннің миы зерттеу жүргізілгеннен кейін В.И. Ленин атындағы Институттің музейлік экспонатына айналады. Ол жерге сонымен қатар оның жүрегі, денесінен алынған оқ та экспонат ретінде қойылды.

 

Профонация

1925 жылы Лениннің миын жан-жақты зерттеу мақсатында арнайы зертхана ұйымдастырылады. Кеңес Одағы ішінен маман табылмағандықтан, оны шетелден алдыртады.  Берлиндегі Нейробиологиялық институтты басқарған белгілі неміс неврологы Оскар Фогт (1870 - 1959) өзіне тапсырылған жұмысты жоғары деңгейде атқарып шығады. Фогтың жобасы бойынша, миды үлкен және ұсақ бөлшектерге бөлу үшін арнайы құрал-жабдықтар жасалынады. Ол солардың көмегімен миды 34000 бөлікке бөле алған. 1927 жылы яғни 2 жылдық зерттеуден кейін Фогт Лениннің миы бойынша арнайы мәлімдеме жасады. Оның қорытындысына сәйкес, қарапайым адам мен Лениннің миының арасында шынымен де айырмашылық бар.  Кейін Лениннің миы басқа танымал адамдардың миларымен салыстырылды. Нәтижесінде, Лениннің миы барлығынан «мықтырақ» болып шықты. Әрине, мұның бәрі профонация (әдейі ойластырылған дүние-ред.) Егер де шетелдік ғалым басқаша қорытынды жасаса, оны халық жауы ретінде атып тастаулары әбден мүмкін еді.

1928  жылы Леннинің миын зерттеу үшін құрылған лаборатория Ми институтына айналады. Ол жерде қазір көптеген танымал адамның миымен қатар, жақындарының айтуы бойынша, оларға жасалған психологиялық портрет те сақтаулы. Психологтар қойған сұраққа Лениннің әйелі Крупская да жауап берген болатын.

 

Ленинге оқ жаудырған кім?

«Крик» басылымы Ленинге оқ атқан әйел Фанни Капланның мәлімдемесін бірнеше жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл құжат мұрағаттан 1934 жылы табылған деседі.  Ол жерде былай деп жазылыпты:

«...1891 жылы дүниеге келген мен Софья Капель есімнің дұрыс екендігін айта отырып шын аты-жөнім Фанни Каплан екенін мәлімдеймін.  1918 жылдың тамызында ешкімнің көмегіне жүгінбестен жалғыз өзім Владимир Ульяновке шабуыл жасадым. Мұның саясатқа мүлде қатысы жоқ. Кезінде менің анамды зорлап кеткен, менің дүниеге келуіме себепші болған «әкем» Владимир Ульянов екендігін растайтын дәлел таптым. Сол үшін де оны аттым».

Рас па, өтірік пе, әлі күнге дейін белгісіз.

Крупскаяның дегені

Крупскаяның Ленин жайлы айтқандарының барлығы есепке кіргізілмеген. Ұлт көсемінің керемет образына көлеңке түсіреді деген оймен кейбір дүниелер сызылып тасталған.

Қолмен жазылған дүние мен машинаға терілген мәтінді салыстыра отырып, сызылып кеткен кей дүниелерді қалпына келтірдік,- дейді Моника Спивак.

Әлсіз де, мықты да емес

 «Әлсіз болмаса да, физикалық тұрғыда мықты да болмады. Физикалық жұмысқа жоқ-тын. Тек сенбілік кезінде ғана тер төгу дайын еді. Бір орында отырмайтын. Үйде бір бөлмеден екінші бөлмеге ерсілі-қарсылы, ой үстінде жүретін. Гимнастикамен айналыспайтын. Қаланың атын тауып ойнайтын. Жақсы жүзетін, велосипед тепкенді ұнататын. Саңырауқұлақ теруді қатты ұнататын...Тез шешінетін...».

Қызуқанды еді

«Біреумен дауласқаннан кейін үйге үндемей, іштен тынып, қабағы түсіп келетін. Бір нәрсені уайымдап тұрса түрі бозғылт тартатын». Сызылып тасталғаны: «1906 жылы Ленинградтағы Паниннің үйінде Богдановпен (шын аты-жөні Малиновский, философ, Лениннің большевиктік фракциямен жұмыс бойынша әріптесі, кейін оның сынының нысаны-ред.) сөзге келіспей, таяқ алып, бір-біріне қанды көзбен қарағаны есімде  (әсіресе Ленин)...»

Иллюзияға орын жоқ

«Алыстан жақсы көретін. Ол менің анаммен (енесімен) алысқа көруден жарысатын». Сызылып тасталғаны: «Лениннің емес, анамның көзі мерген болатын. Оның екі көзі екі түрлі еді ғой... Галлюцинация, иллюзия, танымай қалу деген нәрсе болған емес. Көрген түсте жайлы әңгімелеп айтпайтын...»

Галстуктің түсіне мән бермейтін

 «Тез киініп, тез шешінетін...Өз киіміне мән бермейтін. Меніңше, галстугының түсі оған маңызды болған емес. Жалпы, галстукты амал-жоқтан тағатын». Сызылып тасталғаны: «Дегенмен әдемі киінетіндерді ұнататын».

Жылқы етін ұнататын

«Тамақты талғамайтын. Біршама уақыт бойы тек жылқы етін жегенбіз. Иннокенти екеуі дәмді деп айтатын. Жас кезінде және түрмеде жатқанда асқазаны қатты ауырған (гастрит-ред.). Тек үйдің тамағын жеуге көшкенде менен «Мынаны маған жеуге болады ма?» деп сұрап алатын. Бүлдіргенді ауызға алмайтын (идиосинкразия-ред.). Тісінің қызыл еті ісіп кететін. Ботқа жегенді ұнататын».

Саусағын шошатпайтын

«Сөз сөйлегенде оң қолын алдыға және оңға созатын. Үстелді ұрып, саусағын шошайту дегенді білмейтін. Табиғатынан қызуқанды болатын. Отқа да, суға да бірінші болып түсетін».

Арқасы қозып тұратын

Сызылып тасталғаны: «Ауырып қалғанда дәрігерлер оған көп нәрсеге тыйым салды. Жазғандарын оқып, ол мыналарға салса, бәріне тыйым салайын деп тұр»,-деп күлетін. Осының бәрі бекер болды деп ойлаймын... Дәрігерлер оған кітап оқу  мен жұмыс істеуге тыйым салғанда түнде ұйықтай алмауды шығарды. Бұл кәдімгі ұйқысыздық емес-тін. Сансыз мазалы сұрақтар қалың ұйқыға кіріп кетуіне кедергі келтіретін. Отбасылық өмірде тыныш, саяси өмірде үнемі арқасы қозып тұратын жан еді».

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір