• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:00:10
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Аты жоқ қала – шынымен «Тоқалдар қаласы ма?..»

Анада ғаламтор желілерінен: «астанамыз – тоқалдар қаласы екен»-деп мұңын шаққан бір нәзікжандымыздың пікірін оқығаным бар еді.

Анада ғаламтор желілерінен: «астанамыз – тоқалдар қаласы екен»-деп мұңын шаққан бір нәзікжандымыздың пікірін оқығаным бар еді.

Жасыратыны жоқ, бүгінде екі пенденің бірі сол бір аты жоқ шаһардағы лауазымды шенеуніктеріміздің көпшілігі ашық не жасырын түрде тоқалдарға қарық боп жатқанын бүгінде жұрттың бәрі біледі.

Ол «еркетотайлар» қанша тоқал алса да олардың өз еріктері. Менің жұмысым жоқ. Бәленің бәрі ана қаптаған тоқалдардың небір жауапты қызметтерге ие болып алып, ойларына келгенін істеп жатқандары дер едім. Сол тоқалдарын бетімен жіберген тоқал алғыштар оларына: «қой, ұят болады» деп айтуға да жарамай қалса керек.

Осы жағынан жақсы хабардар менің бір досым:

-Мына біздегі қаптаған телеарналардағы орташа бастықсымақтар мен хабар жүргізушілердің дені тоқалдар мен тоқалшиктер,- деген сөзінің жаны бар сияқты ма, қалай?..

Жұмаш Көкбөрі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір