• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:28:06
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2017

Продюсеріне қарап қызын ал. «Кеш Ю-дің» тағы бір қызы шалыс басты

Бүгінгі қоғамның келбетіне қарайсың да, күрсінесің. Бәрі халықтың көз алдында, ап-анық, айқын болып жатқан дүниелер. Теледидарды қосасың, ызадан өшірмеске амал...

Бүгінгі қоғамның келбетіне қарайсың да, күрсінесің. Бәрі халықтың көз алдында, ап-анық, айқын болып жатқан дүниелер. Теледидарды қосасың, ызадан өшірмеске амал қалмайды, ғаламторға кіресің, тағы ашуға булығасың, көшеге шығасың, көзіңді жұмып қана жүргің келеді.

Мұның бәрін неге айтып отырмын дейсіздер ғой? Елімізде қандай мәселе, қандай қиындық туса да, бәрінің аузында тек шоу-бизнес өкілдері. Солардың өмірі қызық, солардың өмірі айтуға тұрарлық, тіпті үлгі аларлық. Ал үлгі аларлық адамдар көңіл қынжылтатын дүниеге барып тұрса, не дейміз? Бәленің бәрі сол баяғы батыстан басталған. Шет ел әншілері ажырасыпты, татуласыпты, әйелін тастап кетіпті, балалы еркекке тұрмысқа шығып алыпты деп таңқалып, бір-бірімізге кәдімгі жаңалық етіп жеткізетін едік. Солардың өмірі құрысын, біздің қазақ үлгі алмасын деп ата-әжелеріміз айтатын. Бала кезімізде теледидар көруге рұқсат етпеген ғой, шіркін. Ал телефон деген дүние атымен болмаған. Не керек? Әжелеріміздің қорқынышы шындыққа айналды. Батыстағы қоғам бейнесі елімізге келіп үлгерді.

Оған мысалдар да көп. Мәдениет ортасы – сахна төріндегі тұлғаларымыз небір сұмдықтарға барып жатқанда, біз неге үнсіз қаламыз? Барша жұрттың көз алдында жүрген танымал тұлғалар қарапайым халыққа үлгі болудың орнына, өздері ұят саналатын дүниелерге барып жүр емес пе? Жас жеткіншектеріміздің бәрінің қолдарында бір-бір смартфоннан бар, бәрі ғаламтор пайдалана алады. Қанша жерден тәрбиенің бастауы – отбасы болса да, өсіп келе жатқан қыз бала қашан да айналадан көргенін істейді.

Мәселенің басын атышулы Баян ханымнан бастауды жөн көрдім. Иә, ол да әйел, қыз өсіріп отырған ана, басқалары секілді ет пен сүйектен жаратылған адам болғанымен, халықтың алдында жүрген танымал тұлға. Теледидары былай тұрсын, бір инстаграм парақшасын милионнан астам адам оқиды. Оның жартыдан көбі қыздар десем, қателеспеген болар ем. Түсінеміз, өз өмірі бар, жеке шаруасына араласуға ешкімнің де қақы жоқ. Дегенмен, қаншама қыздар өзіне «пір» тұтып жүрген қазақ әйелі өз күйеуін, балаларының әкесін тастады да, басқа жанға, басқадан бұрын отбасылы жанға тұрмысқа шықты да, кете барды. Үлкен кісілер сөгіп, дұрыс еместігін жеткізер, алайда жас жеткіншектің өміріне әсер етпей қоймайды. Жас жеткіншек былай тұрсын, «өзінің қыздары да» дәл осындай қадамға барды.

Анасына қарап қызын ал. Жоқ, бүгінгінің мақалы – «Продюсеріне қарап қызын ал» болып кеткен секілді. Елге танымал продюсер, қаншама қыздардың бағын жағып, ел сүйіктісіне айналдырған Баян Мақсатқызының есімі бүгінгі қоғамда өршіп тұр. Өзі ғана отбасылы адамға шығып қоймай, продюсерлігіндегі қыздары да дәл соны қайталапты. "Кеш Ю" тобының белгілі әншісі Ақбота Сейтмағанбеттің өмірі бәріне мәлім. «Гламұр для дур» кинофильмінен кейін өзімен бірге басты рөлді сомадаған Дәурен Айдарқұловпен сөзі жарасып, бас қоспақ. Ал белгілі актер үйленген, әрі балалы-шағалы болып шықты. Енді қайтпек, жас, әрі сұлу қыз үшін әйелін тастап, жаңа өмір бастамақ. Ақботаның өмірі әлі күнге дейін қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл ісін сынап, дұрыс емеске балап, тіпті жас әншіден қалың жұрт бас тартты.

Ендігі кезек сол "Кеш Ю" тобының тағы бір әншісіне келіп жетіпті. Баян Мақсатқызының қатарына Жұлдыз Өмірғали қосылды. Ғаламтордағы деректерге, уатсапта жарыса таралып жатқан видеоларға сүйенсек, Жұлдыз Өмірғали белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Айқын Төлепбергенмен бас қосты. Алғашында, жай видеодан көріп, біз де сенбедік. Қанша жерден айқын көрсетілгенімен, екеуі бірге клипке түскен болу керек немесе кинода бірге ойнаған деген болжамдар жасадық. Алайда, бір жағдай осы оқиғаның растығын дәлелдеп берді. Айқын Алматыдағы бір банктен депозит алмақ болып, құжат рәсімдуге келген екен. Қандай да бір дүниені әйелінің атына аудармақ болған. Оған келіскен банк қызметкері әйелінің құжаттарын сұрайды. Ең қызығы сол - құжат "Кеш Ю-дің" әншісі Жұлдыз Өмірғалиға тиесілі болып шықты. Яғни, Баян Мақсатқызының кезекті қызы Жұлдыз Өмірғали да «екінші анасының» ісін қайталап тұр. Демек отбасылы, балалы адамға тұрмысқа шықпақ.

Айта кетейік, осы жылы Кеш Ю жаңа құраммен таныстырылды, ал топ қүрамында Ақбота Сейтмағанбет пен Жұлдыз Өмірғали жоқ. Ақботаның жағдайы түсінікті еді, ендігі халыққа қызық болып тұрғаны Жұлдыздың неге кеткені еді. Себебі түсінікті болды.

 

Ал Super Star жобасынан кейін танымал болған Айқын Төлепбергеннің үйленгені бәріне мәлім еді. Екі баласы бар әнші жақында әйелін клипке де түсірген. 

Өмірде түрлі тағдырлар, түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Әркімнің өмірін сөз етіп, сынға алу ешкімге керек емес. Алайда сахна – киелі мекен. Ал киелі мекеннің төрінде жүрген әр адам халықтың аузында. Оны ешкім тия алмайды. Мұны сахнаның әр кейіпкері біледі, соны біле тұра ащы сындардың тууына себепкер болады. Біріншіден, әр істерін ақылға салып ойланса екен, жұлдыз ретінде де, қарапайым адам ретінде де. Ал өміріме ешкім араласпасын десе, оны жарияламасын, көрсетпесін. Көрген халықтың аузын жабу мүмкін емес.   

Гүлім ЖАҚАН

,

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір