• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:59:26
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2017 NEWS

Д.КРИВОШЕЕВ:1-МАМЫР - БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ТІЛ ҚАЗАҚ ТІЛІ КҮНІ БОЛСЫН!

Қазақ тілінің латынға көшуі турасында  БАҚ қана емес Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері де өз пікірлерін  білдіруде. Денис Кривошеев есімді журналист...

Қазақ тілінің латынға көшуі турасында  БАҚ қана емес Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері де өз пікірлерін  білдіруде. Денис Кривошеев есімді журналист өзінің фейсбуктағы парақшасында өз пікірін білдірді. Қамшы ақпараттық агенттігі журналистің пікірі мен ұсынысын оқырман назарына ұсынады.

"1 мамыр да өтті. Бұл мейрамның ұзақ және бай тарихы бар. Қазақстанда бұл күн –халықтар достастығы мен бірлігі күні. Еңбек, интернационализм күні емес, халықтар күні. Бірге өмір сүретін адамдардың күні. Біріккен ұжымның жетістігі, мемлекет –  символдардың ғана емес, бір идеямен біріккен бір команда. Ол команданың басты мақсаты- бір-бірінің бастамасына қолдау көрсету.

Осыған орай, мен мамырдың бірінші күнінде қазақ тілінің латын графикасына көшуін қолдауға шақырамын. Сонымен бірге, осы күнді Қазақ тілі күні етіп белгілеуге шақырамын.

Бұл идеямды негіздеу үшін Қазақстандағы қазақ емес ұлт өкілдеріне бұл бастаманың маңыздылығын түсіндіріп көрейін.

1. Егер халық осылай жасаған дұрыс деп есептесе, солай болуы тиіс. Қазан революциясынан кейін орыс тілі үлкен трансформацияға ұшырады. Заңдылықтар өзгеріске ұшырады, барлық әдебиетті қайта басып шығару қажеттілігі туды.

Бұл реформаны қолдағандар да, оған қарсы шыққандар да болды. Бірақ нәтижесінде бұл реформа тілді байытты.

Латын графикасына көшу тілді қайта қабылдауға әсер етеді. Демек, тілді қабылдау мен түсіну оңтайланатын болады. Дүниежүзі тілдері осыған ұмтылады.

2. Бұл жаңалық емес. Қазақстан бұрын да латынша жазған.

3. Латын-компьютер тілі. Алайда біз қабылдай бермейтін пернетақтадағы жазулар тілі.

4. Әріптер мен символдарды білу-тілдің өзін білу деген сөз емес. Мәселен болғарлар орыс тілін білмейді, сондықтан оны түсінбейді, бұл тілде сөйлей алмайды, моңғолдар да солай.

Әріптер-бұл сөздің мағынасын түсінуге жәрдем ететін символдар.  Француз, неміс, ағылшын, испан тілдеріндегі латын- тілді түсінуге мүмкіндік бермейді. Заманауи алфавит көне алфавит емес. Ол универсалды. Символдардың дыбыстан басқа ешқандай мәні жоқ.

5. Латын әлемі немесе кириллица әлемі деген нәрсе жоқ. Тек қана алфавитті аргумент ретінде қолданатын идеологиялар бар.

6. Замануи адам үшін алфавиттің ешқандай алып бара жатқан мағынасы жоқ. Ал қазақтар болса грузин немесе араб алфавитіне, қытай жазбасына көшіп жатқан жоқ, бұл-латын.  Егер кириллицада мәтінді түсінбей оқи алсаң, латында да оқи аласың деген сөз.

7. Кез-келген  тілді латынша жазуға болады. Символдар-бұл тек символдар. Ең бастысы- заңдылықтар  мен нормаларды анықтау керек. Қалғаны- әдет мәселесі.

Және ең бастысы- әлем өзгереді. Адамның сөзін бір уақытта аударатын гаджеттер пайда болып жатыр.  Бір тілден екінші тілге аудару алгоритмдері де пайда болуда. Тілдің мағынасы технологиялық емес, салт-жора мәселелеріне қарай ығысуда. Футурологтар барлық әлем бір тілді болады деген болжам жасауда. Және ол тіл- латын болуы мүмкін.

Мамырдың бірінші күні - жаңа қазақ тілінің күні болсын. біздің қолдауымызбен осы бастама іске асырылса, латынға көшу де ортақ іс болмақ. Қазақ тілі- жергілікті халықтың туған тілі, еліміздің тілі. Демек, бәрімізге ортақ тіл. Білсек те, білмесек те ол -ортақ тіл. Латынға көшу- барлығымыз үшін қазақ тілін үйрену мен түсінуге жасалған үлкен қадам болмақ".

 

аударған Назерке Мұса

Nazerke Musa

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір