• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 11:59:19
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2017 Әлеумет

Жерлеу кезіндегі тыйым салынған рәсімдер

Жерлеуге байланысты қолданылатын тыйымдар осыдан жүздеген жыл бұрын қалыптасқан. Жерлеу кезінде кейбір іс-әрекеттерді мүлдем жасауға болмайды деп хабарлайды

Жерлеуге байланысты қолданылатын тыйымдар осыдан жүздеген жыл бұрын қалыптасқан. Жерлеу кезінде кейбір іс-әрекеттерді мүлдем жасауға болмайды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Христиандардың жерлеу кезіндегі түрлі рәсімі мен тыйымын Dni.ru сайты да жинақтап жазған болатын.  Христиандар мен мұсылмандардың  сенімдердің арасында айырмашылық болғанымен, ұқсастықтар да  кездеседі екен.

Егер үйде бір адам қайтыс болған жағдайда үйдегі барлық айнаның бетін жауып қойған дұрыс. Алғашқы 40 күнде қайтыс болған адамның рухы әлі осы әлемде жүреді және айна арқылы рух өзінің жақын адамын арғы дүниеге алып кетуі мүмкін деген  сенім бар.

Осыған ұқсас тағы бір сенім тіпті атеисттік кезде де қолданған екен. Адамның қайтыс болғанын бұрын сол үйдің табалдырығына шырша бұтақтарының отырғызылғандығы арқылы білген. Үй-іші туыстары мен достарын жария қылып, арнайы шақырмаған.

Сонымен бірге қайтыс болған адамды жалғыз қалдыруға мүлдем болмайды. Себебі оған қайтыс болғаннан кейін ол жақын аамдардың дұғасына зәру болады. Сондықтан мәйіттің қасында кем дегенде бір адам ол үшін дұға оқып отыру керек.  Осы сенім мұсылмандар да кездеседі. Қайтыс болған адамға бағыштап дұға жасау арқылы өлген адамға көмектеседі.

Алғашқы күндері табытты төңкеріп қою керек. Табытты бірнеше күн өткеннен кейін ғана дұрыстап қоюға болады. Егер бұл қағиданы орындамайтын болса, мәйіттің жаны жай таппай, елес күйінде туыстарын қорқытуы мүмкін.

Осы секілді арнайы рәсімдер мұсылмандарда да кездеседі. Мұсылмандар мәйітті ең бірінші жуындырады. Оны қайтыс болған адамның балалары немесі жұбайы орындайды. Бұл адамның арғы дүниеге барғанда таза болып барсын деген сенімнен қалыптасқан.

Мұсылмандар мәйітті тазалап болғаннан кейін оны жер қойнына тезірек тапсыруға тырысады. Мәйітті кем дегенде 4 адам көтеріп жүруі керек.  Сонымен қайтыс болған адамға бағыштап Құран, жаназа намазы оқылады.

Қайтыс болған адамның артынан шаш жүлып, бет тырнап жылау дұрыс емес. Бұл іс-әрекеттерді жасау арқылы қайтыс болған адамға зиян тигізбесеңіз пайдаңыз тимейді. Себебі өлген адамның жаны тыныш таппайды, қиналады. Егер сіз осындай қайғыға сабыр етіп, дұға бағыштасаңыз өлшеусіз сауаптарға кенелесіз және өлген адамның қабір азабынан құтылуына аз да болса септігіңізді тигізесіз.

Айта кететін болсақ, мәйітті жер қойнына табыстағаннан кейін жерленген жерден ең соңғы болып кеткен адам 40 қадам жасаған соң, өлген адам сұрақ-жауапқа тартыла бастайды.  Ал қабірдегі адам ол сұрақтарға істеген амалдарына байланысты жауап бере алады.

Осыған ұқсас сенімдер түрлі ұлттар мен басқа сенімдегілерде өте көп кездеседі. Алайда арнайы мамандар айтқан ескерулер де жоқ емес.

Жерлеу жұмысын атқаратын мамандардың айтуы бойынша, қайтыс болған адамды сүюге болмайды. Себебі адам қайтыс болғаннан кейңн оның денесінде зиянды сұйықтық бөлінеді. Ал ол тірі ағза үшін аса қауіпті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір