• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:31:23
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2017 Фото-баян

Махаббат Африкада да махаббат емес, ол дәстүр!

Африкалық тайпалардың алғашқы неке түніне қатысты дәстүрлері адам шошытады деп хабарлайды

Африкалық тайпалардың алғашқы неке түніне қатысты дәстүрлері адам шошытады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Бербер африкалық тайпасында қыз бен жігіттің үйлену тойынан кейін жалғыз қалуы екіталай. Себебі алғашқы неке түнін олар топ болып өткізгенді дұрыс деп санайды. Жақында ғана үйленген бірнеше жұп жаңадан некесін қиған жұппен бірге бір бөлмеде болады. Бұл олардың ойынша маңызды оқиға алдындағы күйзелісті жеңуге көмектеседі екен.

Суахили тайпасында екі жасты ата-анасының келісімімен үйлендіреді. Үйленге дейін олар бір-бірін танымайды. Алғашқы неке түні екі жас бәрін жасасын деген ниетпен өзін сомо деп атайтын қыздың бір туысқаны төсектің қасында отырады. Ол тіпті керек кезде ақыл-кеңесін айтады екен. Таңертең бәрі дұрыс өткенін айтып, қан жағылған ақ жайманы ауылдастарына көрсетеді.

Зулу халқы екі жас алғашқы неке түнін өткізбес бұрын қыз бен жігіттің отбасылары биден жарыс өткізеді. Сайыстың шарықтау шегі болып қыздың барынша биікке аяқ көтеруі болып саналады. Ол аяғын биікке көтеріп қана қоймай, сол қалпын сақтап ұзақ тұруы тиіс. Анасы келіп қыздың қыз екендігіне көзін жеткізеді. Әрине, бұл жай дәстүр. Себебі бұлай гинеколог қана қыздың пәк екендігін анықтай алады. Алайда бұл дәстүр келген қонақтарға, жиналған жұртқа ұнайды екен.

Намиби аумағында тұратын химба тайпасында қыз жігітің үйіне бармас бұрын әкесіне келіп, оның алғашқы неке түні, жалпы әйелдік міндеті жайындағы ақыл-кеңесін тыңдайды. Май жақпас бұрын қыздың басында сиырдың терісінен бас киім кигізіледі екен.

Шона тайпасында алғашқы неке түні қашан нақты болатындығын тек қыздың өзі ғана шешеді. Бұл жігіт үшін үлкен сюрприз. Неке қиылғаннан кейін қыз кез келген түні жігіттің үйіне келуі мүмкін. Бастысы жігіттің жақындары мұны алдын-ала  біліп, қызды әндетіп, билеп қарсы алулары міндет. Содан кейін ғана той ұйымдастырылады.

Уганданың солтүстік-шығысын мекендейтін баньянколе тайпасының дәстүрі бойынша қыз тұрмыс құрмас бұрын жігітпен оның тәтесі бірге болуы қажет. Тәжірибелі әйел мұнысымен жігітте бәрі дұрыс екендігін тексереді-мыс. Алғашқы неке түнінде де қыздың сол тәтесі жұппен бірге бір бөлмеде болып, «махаббаттың» куәгері атанады.  

Тунис ауылдарында жігіт қызбен жақындасқаннан кейін шам жағып, оны терезенің алдына қоюы тиіс. Бұл қыздың қыз болып шыққанын дәлелдеген түрі. Шамның жануын бүкіл ауыл күтіп отыратындығы сөзсіз біртүрлі.

Мароккода қыздың пәк болуын қатаң қадағалайды. Үйлену тойы алдында қыздың құрбылары қыздың пәк екендігін тексеріп алады. Сосын мұны бәріне жария етеді. Кейбір дәстүрлі отбасыларда қыздың құрбылары алғашқы неке түнінде жастардың қасында куәгер болып жатады екен.

Эфиопияда да қыздың пәктігі басты назарда. Неке түнінің алдында қыз өзімен бірге басына байлайтын ақ жайманы алып кетіп, сосын ондағы қанды дәлел ретінде көрсету қажет екен. Жастар ләззатқа беріліп жатқанда ене мен жігіт жақтан бір туысқан есіктің артында күтіп тұрады. Процесс аяқталасымен қыз оларға қан болған мойынорағышын алып көрсетуі міндет. Егер қан жағылмаса, жігіт қызды дүре соғуға немесе қуып шығуға құқылы.

Танзанияда қыз жігітті тек алғашқы неке түні кезінде ғана көреді екен. Тіпті өзінің үйлену тойына қыз қатыспайды. Бәрі дүркіретіп тойлап жатқанда қыз сыланып-боянып, бөлмеде өзі танымайтын күйеуін күтіп отырады.

Дәстүрлі мысырлық тойдың дәстүрі бойынша қызды пәктігінен айыратын жігіт емес. Мұны арнайы шақыртылған акушер маманы жасайды. Ол саусағын ақ шүберекпен орап алып, қыздық пердені жыртады. Сосын қанды жігіттің туысқандарына паш етеді.

Судандық нуэр тайпасының дәстүрі бойынша үйлену тойы өткеннен кейін қыздың шашын тақырлап алып тастайды. Неге екені түсініксіз. Бірақ белгілі болғаны, тақырбас қыз күйеуімен бір төсекте жатуына рұқсат жоқ.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір