• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:04:30
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2017 Әлеумет

Қазақстанда сақалы ұзындар салық төлеуі мүмкін

Сақалыңыз беліңізден төмен болса, бағасы да арзан.

Сақалыңыз беліңізден төмен болса, бағасы да арзан.

Қазақстан Мұсылмандар одағының басшысы Мұрат Телібеков Франция, Англия, Ресей тәжірибесіне сүйеніп, сақалға салық салуды ұсынды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Өткен ғасырларда осы мемлекеттердің басшылары сақалға салық салған. Қазақстанның белгілі экономистері мен теолог мамандары сақалын ұзын етіп өсіргендерге салық жүйесін енгізуді Қазақстан мұсылмандар одағының басшылығына ұсынған. Басшылық заңның ел парлементінде қабылдануы үшін тырысатын болады» делінген хабарламада.

Телібеков заң жүйеісндегі түзетулердің жобасын ұсынды:

Ұзындығы 12,4 см болатын қара сақалдың жылдық салық өтемі – 1530 доллары

Ұзындығы 12,1 см болатын күлгін-сары түсті сақал – 1214 доллар

Ұзындығы 11,8 см болатын боялған сақал – 1127 доллар

Ұзындығы 11,6 см болатын шүйдеге дейінгі сақал – жылына 1038 доллар

Ұзындығы 10,9 см болатын қолтықтағы сақал – жылына 841 доллар   

Ұзындығы 10,4 см болатын гениталия аймағындағы түк – 12 доллар.

«Медицина және теология саласының мамандары шаш ұзындығы максималды түрде 1 см 7 мм болу керек деген қортындыға келді. Ал қалыңдығы 1 шаршы см.ге 9 шаштан артық болмауы тиіс. Ұйым бұл ережелер адам денсаулығына жағымды әсер етіп, бөтен ойлардың туындауына бөгет болады дейді. Ал ережені бұзған адам жауапкершілікке тартылады».

Сақал мен қара киімге тыйым салуды мұсылмандардан бөлек, христиандар, буддистер, иудаистер, кришналықтар арасында да тарату керек» делінген Қазақстан мұсылмандар одағының хабарламасында.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір