• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:01:17
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2017 NEWS

СОҒЫСПЕН ӨТКЕН 6 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ СИРИЯ

Сириядағы соғыс басталғанынан бері қарай астана Шамдағы (Дамаск) президенттік сарай картинасы дәл осындай анық болмаған еді. Ресей лидері Владимир Путиннің...

Сириядағы соғыс басталғанынан бері қарай астана Шамдағы (Дамаск) президенттік сарай картинасы дәл осындай анық болмаған еді. Ресей лидері Владимир Путиннің 2015 жылдың соңында Сирия президенті Башар Асадқа көмек беру шешімі елдегі соғыстың барысын режимнің(Режим – Асад билігі) пайдасына аударды.

Шығыс Алеппоның 2016 жылы күйреуі, бір кездері режимді төңкереміз деп мақсат қойған қарулы көтерілісшілерге ауыр соққы болды.

Соғыс Асадтың пайдасына шешілмеді. Алайда, соғыста әлдебір сыртқы күштер тарабынан ол жеңіледі деп күту де қиын. 

Соғыс, жиһадшы Ирак Сирия Ислам Мемлекеті (ИСИМ) ұйымын өмірге әкелді. ДАИШ Иракта Әл-Каиданың  бір тармағы ретінде пайда болған. Ұйым Сирияда өзін жаңалап, орталық үкіметтің бақылаудан шығарып алған жерлерін басып алды.  

(2011 жылғы демократия талап еткен митингілер)

2011 жылдың наурызындағы режимге қарсы бейбіт демонстрациялар енді келмеске кетті. Билікті ауыстыру талабынан туған дауыл осы мемлекетті сиырып, сыпырып кеткен тәріздес.

Асад өлген әкесінен билікті қабыл алған 2000 жылдан бері ылғи да Сирияда билік жүйесін реформалау туралы айтады. Ол Сирияда заңсыздықтар болғанын мойындады. Бірақ, қауіпсіздік күштерінің қағазға түскен залымдықтарын айтпады. 

Аймақтағы араб лидерлерімен салыстырғанда Асад жаңа реформаларға бейім көрінетін. Бірақ, айтқан сөздерін ешқашан жүзеге асыра алмады.

(Алғашқы болжамдар Асадтың биліктен кететіні турасында еді)

Асадтың болашағы туралы көзқарастардың бәрі бос болды

2011 жылы алғашқы болжамдар Асадтың Тунис, Мысыр, Ливия лидерлерінің соңынан тарихта сіңіп кететін турасында болатын. Бірақ, Сирия режимі Тунис пен Мысырдың аяғын құшпады. Төңкеріске төтеп беру үшін Асад өз мазһабы өкілдерін шейіттердің айналасында жақсы құрылымдалған.

Мысыр президенті Хусни Мүбәрәк сияқты емес Асад әскері сыртқы одақтастарының тұрақтылығын жоғалтпады. Сондай-ақ халықтың да маңызды бөлігінің көмегін алған болтын. Онсыз аяқта тұра алмас еді.

2003-те АҚШ-тың Иракты отарлап алуынан бүгінге дейін Сирия Таяу Шығысты өртеп күйдірген мазһапшылдықтың құрсауына түсті.

Көтерілісшілердің көбі сүннит болатын. Түркия, Сауд Арабиясы және Катардағы сүннит үкіметтер түрлі топтарға көмек берді. 

Сириядағы мемлекеттік құрылымда салмағы басым болған шейіттер болса шиит Исламның бір тармағы. Шам билігінің Ресейден басқа ең үлкен жақтастары Ирандағы шиит режимі және Ливандағы шиит Хизбулла қозғалысы.

(2012 жылдан бастап қатігездік артты әрі азаматтық соғысқа ұласты)

Сириядағы азаматтық соғыстың алғашқы уақытында көтерілісшілер Батыс күштеріне және өздеріне көңіл бұрған Сауд Арабиялықтар мен Катарлықтарға көмектері үшін жалбарынды. Көмек келді, бірақ соғыстың алдағы уақыттарында Ресей президентінің Асадқа жасаған көмегіндей қомақты емес еді.

Ливияда Франция, АҚШ және НАТО, араб мемлекеттерінен одақтастар көтерілісшілерге әскери әуе күштерімен көмектеспесе, полковник Муаммар Каддафи билікті қолына қайта алған болар ма еді.

НАТО елдерінен генералдар Сирияда алғашқыда соғысты бітіре алатын сенімді жоспары бар екендерін айтты. Алайда, кірісетін саяси лидерлері жоқ еді.

Ақ Үйде отырған президент Барак Обама ізашары Джордж Буштың қателігін қайталамауға бекімді болып, Ирактан кейін басқа бір Таяу Шығыс соғысына ұрынбады.

(Батыс 2013 жылғы химиялық шабуылға режимді айыптады)

Не қалайтынын білмейтін Батыс, кесімді Ресей

Жанталасқан өзгеріс сәті 2013-тің тамыз және қыркүйек айларында болды. Шамның сыртқы аудандарында көтерілісшілер қолындағы аймақтарға химиялық қарулар қолданылды.

Сол кездегі АҚШ президенті Обама алдымен Асад режимін әскери қақтығыспен қорқытып көрді. Артынан ол көзқарасынан тайқыды. Соғыстарда «қатаң күш» анықтаушы болады. Онсыз Батыс елдері Асадқа тек тісін ақситып қоя салады. Батыс елдері Асадтың биліктен кетуі тиіс екенін айтқаны болмаса, Сириядан не қалайтындарына ортақ бір шешім айта алмады.

Ресей президенті Путин болса нақты не қалайтынын білетін. Өзіне дос режимді қорғау және одақтастарымен жалпы Әлемге жаңадан Әлем сахнасында көрсету. Путин Сирияда бұны толықтай жүзеге асырды.

(Обаманың Сириядағы азаматтық соғысқа араласпау шешімі оппозицияға жақпады)

Әубаста бері Сирия президенті Асад және оны қолдаған халық бөлігі соғысты «зайырлы және көп мәдениетті Сирияны талқандауға бағытталған бір сыртқы арандату» ретінде алға тартты.

Асад «таңдауыңыз қарапайым, я режим, я исламшылар» деді және қарулы оппозициялар арасында бір диалог құрмады. Сирия лидерлері үшін олардың бәрі террорист еді. Бәрін де Сирия халқының дұшпандары санады, сондықтан нысанаға айналуы заңды еді.

Сирия лидерлері осы уақыт бойынша әскери күштерін халықтың қорғаушылары болғанын айтады.

(Үкімет 2015 жылдан бастап аудандарды көтерілісшілер қолынан ала бастады)

Соғыстың алғашқы уақыттарында режим желісінен көтерілісшілердің бақылауындағы аймаққа өтсеңіз жағдай мүлде басқаша болатын.

Соғысшылар сыртқы арандатушылардың оларды айдап салып отырғандарын түсіне алмады. Көбі, залым бір диктаторға қарсы қаруланған жергілікті адамдар екенін айтты. Кейбіреулері құрғақшылық жылдары қиындық көрген, деградацияға ұшыраған және қабілетсіз басқарушылар тарапынан басқарылған қырда өмір сүрген көшпелілер еді.  

Алайда, бұл салыстырмалы қарапайым картина, соғыс қақтығыс қатпарларын қалыптастырған сайын, көтерілісші топтар ауысқан сайын, бұл топтар өз арасында һәм билікке қарсы соғысқан сайын және Сирия әскері жағынан үнемі қысым көрген сайын жағдай ушықты.

(Төңкеріс Астанасы аталып кеткен Хомс қирандыға айтылды)

Сирия халқы болса қорқынышты дәрежеде азап көрді

Жартысы үйлерінен айырылды, немесе мемлекеттерін лажысыз тастап шығып, босқын болды. Сирия ішінде қай-қайта көшті.

Сирия әскері көтерілісшілер бақылауға алған жерлерде қамау тәсілдерін қолданды. Олар көтерілісшілерді оқшаулады. Азық-түлік көмектерінің жолын кесті. Оларды мылтықтың ұңғысында ұстап, әуеден бомбалады. Көптеген қарапайым халық қаза тапты.

Барлық статистикалар бейбіт халықтың өліміне ең үлкен жауапкер Сирия әскері болғанын көрсетеді. Бірақ, режим бұны мойындамайды.

(2016 жылы оған дейінгі уақытқа қарағанда тіпті де көп бала өлді)

Әскерлер айырма жасмастан бомбалады

Сирия президенті Асадпен репортаж жасадым. Сириялық билік өкілдерімен де әскерилер себеп болған өлімдер туралы көп кездесу өткіздім. Билік өкілдері болған жағдайларды мойындамайды және сириялықтарды әсіре діншіл топтардан қорғау турасында құмарта әңгімелейді.

Алайда, биліктің көтерілісшілердің бақылауындағы бейбіт халық басым болған аймақтарда жасаған соғыс тактикасы, көп кісінің өліміне себеп болатыны анық еді. Барель бомбалар, таңдаусыз қарулар еді. Зеңбіректі әуе шабуылдары кең диаметрлі алаңдарға зардап келтірген шабуылдар еді.    

Көтерілісшілерден тартып алынған аумақтардағы қираңдыларды өз көзіммен көрдім.

Алеппоның шығысындағы көптеген аймақтар режим мен Ресей тарабының шабуылына ұшырады. Зардап көрмеген ғимарат қалмады. Кей аймақтар толықтай жермен жексен етілді.

Көтерілісші топтар да бөле жармай күш қолданды. Бірақ оларда режим мен одақтастарының күшінен әлдеқайда әлсіз еді.

(Көтерілісшілер мен Жиһадшылар Сирия аумағының 15 пайызына иелік етеді)

Көптеген аймақтарына қол жетімділік болмаған, хаос ішіндегі бір мемлекетте сенімді статистика болмайды. Бірақ, не болғаны туралы бір пікір беріледі.

Сириядағы деректерді қолданған Англияның Сирия Адам Құқықтары бақылау үйі соғыста 96 мыңы бейбіт, жалпы жиыны 321 мыңнан астам адам қайтыс болғанын айтады. 145 мың адам болса із-түссіз жоғалып кеткен.

Батыстық және Таяу Шығыстық көптеген сыртқы күш Сирияға араласты және осы себептен Сирияда болған жағдай шағын бір дүниежүзілік соғысқа айналды.

Елдің көптеген аумағын бақылап отырмаса да қазіргі режим өзіне сенімді. Алайда бейбіт тұрғындардың азап шегуі жалғасуда. Өзгерген, бірақ бітпейтін бір соғыста тіпті де көп адам өледі.

Jeremy Bowen

BBC Таяу Шығыс редакторы (15 наурыз 2017 жыл)

Аударған Нұрғали Нұртай.

 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір