• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:56:19
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2017 Саясат

Путин мен Трамп телефон арқылы Сириядағы қақтығысты талқылады

Екі елдің басшылары телефон арқылы біраз мәселенің түйінін шешті.

Екі елдің басшылары телефон арқылы біраз мәселенің түйінін шешті.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин жарты сағат көлемінде телефонмен сөйлесіп, Сириядағы қақтығысты талқылады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақ үй екі ел басшысы Сириядағы соғысты, Таяу Шығыстағы терроризмді жоюдағы бірлескен жұмыстарды және Солтүстік Кореядағы қауіпті жағдайды реттеудің тиімсді жолдарын талқылағанын хабарлады. Трамп әкімшілігі Вашингтон 3-4 мамырда Астанада өтетін Сирия жөніндегі келіссөзге өкілін жіберетінін де хабарлады.

Кремльдің мәлімдемесі бойынша, президенттер Сириядағы қақтығысты тоқтату үшін АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келіскен, сондай-ақ, Путин мен Трамп 7-8 шілдеде Гамбургте өтетін "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммитінде жеке кездесу идеясын қолдаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір