• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:15:54
+35°

03 Мамыр, 2017 NEWS

Ел ішінде әскери қызметті 1 жылдан 2 жылға ұзартады деген ақпарат шықты

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің 25 жылдық мерейтойына орай өткізген интерактивті дәріс барысында Қазақстан...

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің 25 жылдық мерейтойына орай өткізген интерактивті дәріс барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров мәлімдеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

         «Расында ел ішінде әскери қызметті 1 жылдан 2 жылға ұзартады деген ақпарат шықты. Бірақ заң жүзінде 1 жылдық уақыт белгіленгендіктен мерзімді әскери қызметті өтеу уақыты өзгеріссіз қалды. Борышын өтеу үшін шақырылған сарбаздарға әскери әдіс-тәсілдерді оқып үйренуге он екі ай жеткілікті деп ойлаймын. Біз оларды жүргізуші, атқыш секілді маңызды мамандықтарға баулып, 1 жылдың ішінде толық игеріп шығуларына толық мүмкіндік жасаймыз. Өйткені біздің арнайы әскери округтерімізде мамандандырылған оқу орталықтары жұмыс жасайды. Келген жастар негізгі әскери бөлімге жеткенше сол жерден жан-жақты даярланып, дәріс алып шығады» деді ол.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір