• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:08:38
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 Саясат

АҚШ атом бомбасын тасымалдай алатын ең жойқын зымырандарын сынақтан өткізді

АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі

АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі golos-ameriki.ru-ға сілтеме жасап.

Соғыс бөлімімен жасақталмаған Minuteman 3 зымыраны оқтұмсықтарын 7мың шақырымды басып өтіп Тынық мұхитындағы атоллға жеткізді

Құрлықаралық  балистикалық  зымыран  атом  бомбасын  әлемнің  бір  бұрышынан  екінші  бұрышына  жеткізуге  қабілетті. Бұл сынақ АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы даудан кейін болып отыр.

Minuteman 3 зымыраны сағат 00:02 шамасында Вандерберг әуе базасындағы шахтадан ұшырылды.  Замыран  оқтұмсықтарды  діт  деген  жеріне, яғни 6800 шақырым қашықтықтағы Тынық мұхитынта орналасқан Кваджалейн атоллына жеткізді  деп хабарлайды  BBC-дегі АҚШ қызметі.

Сынақ 10 айдан бері жоспарланған, АҚШ ядролық күштері құрамына кіретін соғысқа дайындығы мен қаруландыру жүйесі жағынан сәтті өткен сынақтардың бірі болды.

Құрама штаттар шамамен 13 мың шақырым аумақтағы жау күштерін жоятын осындай 450 зымыранға ие.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір