• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:07:11
Алматы
+35°

Қамшының хат қоржынына көпбалалы ана Әлия Садырбаеваның атынан хат келіп түсті. Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста деген ұстаныммен келісетін Әлия ханымның барша Қазақстан жұртшылығына тасталған үндеу хатын орыс тілінен қазақшаға аударып оқырман назарына ұсынамыз.

Қымбатты достар!

Мен ҚР Парламент Сенатының депутаттығына өзімнің кандидатурамды ұсынамын деп шешім қабылдадым.

«Сіздер халық қалауларын сынағанды ұнатасыздар, ендеше өздеріңізге сұрақ қояйын: «Оларды сайлаған кім?». Сайлаушылар сайлаған. Демек Мәслихат арқылы депутаттыққа жанама түрде сайлайсыздар. Талап етіңіздер. Көңілден шығатын азаматтарды сайлаңыздар»... – Бірғаным Әйтімованың бұл сөздері күлдіртті де, жылатты да. Бірғаным ханымның алғашқы ойы көп талқыға түсті де, түйіні назарға алынбады.

Шын мәнісінде, депутат ханымның айтқаны дұрыс. Мәслихат депутаттарын сайлайтын өзімізбіз. Қазір сайлау дұрыс ұйымдастырылмады, дұрыс таңдалынбады деп әңгіме өрбіткім келмейді. Алайда олардың қандай сенаторды неліктен таңдағанын сұрауға құқығымыз бар.

Сонымен қатар Сенатта отырға 47 азаматтың жартысы неліктен зейнет жасындағылар деп те сұрай аламыз. (23 адам – 63-72 жылғылар).

Олар депутат болып не істеп отыр? Серік Ақылбаев есімді сенатор (айтпақшы, Қарағанды облысының тумасы) жақында үкімет сағаты барысында көліктің көптігінен өз үйіне уақытында жете алмайтындығын айтып алаңдады.

Біз сайлаған Мәслихат депутаттары Сенатқа жасарын жасап, асарын асаған азаматтарды неліктен сайлайды? Меніңше, олар бейнеттің түбі зейнеттің рахатын көріп, бала-шаға, немере-шөберенің жетістігіне қуанып, үйлерінде отыруы тиіс сияқты. Аталмыш аймақта өз қаласының, елдімекенінің мәселесін қаузай алатын, жерлестерінің жан айқайын республикалық деңгейде мәселе қылып көтере алатын басқа азаматтар қалмаған ба?

Жақында Сенатта сайлау болмақ. Президенттің бұйрығы бойынша сайлау үстіміздегі жылдың 28 маусымына белгіленді. Демек сайлауға екі айдан аз уақыт қана қалды.

Депутаттарға көңілі толмаған барша азаматтарға өз іс-әрекеттерімен азаматтық позицияны дәлелдейтін кез жетті дегім келеді.

Сол себепті бұл мәселеге бейжай қарамайтын өз елінің патриоттарын өздерінің Мәслихат депутаттарына кімді Сенатқа сайлайсыз деп сұрауларын өтінемін. Парламенттегі жұмысты келесіде сынға алмас үшін Мәслихат депутаттарының жауапкершілігін күшейту, олардан түсініктеме талап ету өз қолымызда.

Өз кезегімде достарымның кеңесі, өтініші бойынша өз-өзімді ҚР Парламент Сенатының депутаттығының кандидаттығына ұсынамын.

«Шешінген судан тайынбас» демекші Қарағанды облысының атынан ҚР Парламент Сенатының депуттаттығына кандидатурамды ұсыну бойынша тіркелу жұмыстарын бастаймын.

Достар, өздеріңізден қолдау күтемін!

Кіші Джордж Буштың мына сөздерін келтіре кетейін: Сіздер цинизм саясатынан шаршасаңыздар менің кампанияма қосылыңыздар.

Әлия Садырбаева,

Қарағанды қаласының тұрғыны, қоғам қайраткері, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қарағанды облысы бойынша төрағасы, «Күміс Алқа» марапатымен мадақталған көпбалалы ана

Аударған: Жазира Байдалы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір