• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:40:59
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 NEWS

Павлодардағы «Ирбис» телеарнасы көк түсті «Жеңіс лентасын» мойындамай отыр

Павлодар қаласындағы «Ирбис» телеарнасы Қазақстанда арнайы белгіленген Жеңіс лентасын мойындамады деп хабарлайды

Павлодар қаласындағы «Ирбис» телеарнасы Қазақстанда арнайы белгіленген Жеңіс лентасын мойындамады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Айта кететін болсақ елімізде 2015 жылы арнайы Жеңіс лентасы жасалды. Ол өзіміздің туымыздың түсімен бірдей, қазақы нақышталған лента еді.  Бұл лентаны Жеңіс мейрамы қарсаңында барлық қазақ тағып жүруі тиіс болатын. Алайда  «Ирбис» телеарнасының қызметкерлері әлі күнге дейін қоңыр-сары түстес «Георгий лентасын»  тағып жүр. Бұл өз еліміздің арнайы жасалған лентасын мойындамау ма әлде менсінбеу ме?

Тұрғындардың айтуы бойынша, Павлодар қаласында «Жеңіс лентасы» тегін таратылудың орнына, сатылымға шығады екен. Жеке лента - 150 теңге, дөңгелек белгішесі бар лента - 350 теңге тұрады. 

2016 жылы да олар жеңіс лентасын тақпаған еді. Олардың бұл әрекеті халықтың ашуын туғызды. Орыстардың идеологиясынан құтылу үшін өзіндік ерекшелікпен «Жеңіс лентасын»  жасап шығарғанбыз. Ал бұл қызметкерлер әлі күнге дейін Ресей лентасын тағып, еш қысылмай эфирге шығып жүр. Сонымен бірге бұл телеарна орыс тілінде жүргізіледі. Бірақ бағдарлама қай тілде жүргізілсе де, телеарна Қазақстанда орналасқандықтан өз еліміздің заңдылықтарын орындауға міндетті.  Осыған байланысты әзірге ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ. Бұл іс-әрекеттері олардың қазақ ұлтына деген менсінбеушілігін білдіреді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір