• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:55:30
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 NEWS

Жүйке жүйесінің қатерлі ісігіне шалдыққан 2 жастағы бүлдіршін өлім аузында жатыр

Жүйке жүйесінің қатерлі ісігі – нейробластомаға шалдыққан ол қазір өлім мен өмір арасында жатыр. 32 рет химиялық ем алған Айымжан Досжан енді Германияда...

Жүйке жүйесінің қатерлі ісігі – нейробластомаға шалдыққан ол қазір өлім мен өмір арасында жатыр. 32 рет химиялық ем алған Айымжан Досжан енді Германияда қаралуы керек. Алайда ондағы емнің құны – 150 мың еуро. Ал науқастың жақындарында мұнша ақша жоқ. Сондықтан олар қайырымды жандардан көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ктк телеарнасына сілтеме жасап.

Айымжан екіге толғалы өзге балалар секілді ойнап-күлуді білмейді. Өйткені сол кезден бері бүлдіршіннің дене қызуы жиі көтеріліп, әлсіреп жатып қалатын болған. Ал отандық дәрігерлер оған нақты диагноз қоя алмапты. Сөйтіп, ата-анасы Айымжанды ресейлік мамандарға қаратып, оның жүйке жүйесенің қатерлі ісігі – нейробластомаға шалдыққанын анықтаған. 

Кәмила Панзарбекова, Айымжанның анасы:

-Уже не знаем куда обращаться. Лишь бы спасти своего ребенка. Пожалуйста, помогите спасти нашу доченьку. Она любит жизнь, она хочет жить, хочет стать обычным ребенком.

Бүлдіршіндегі қатерлі ісікті жою үшін оған 32 рет химиялық ем жасалған. Сөйтіп бойындағы қауіпті кесел жойылған. Қазір ол Оңтүстік Кореядан оралып, Астанадағы клиникада жатыр. Алайда аурудың қайта өршіп кету қаупі бар. Ол үшін иммунотерапия арқылы әлсіреген ағзаны қайта қалпына келтіру керек. Ал мұндай емге 150 мың еуро қажет екен.

Роза Қалдыбекова, Айымжанның әжесі:

-Қазір қажет соманың тең жарымы жиналды. Қол үшін созғандарға мың алғыс. Дегенмен, бізге әлі де ақша жеткіліксіз. Жомарт жандардан көмек сұраймыз.  Бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз, егер уақыт жоғалтып алсақ, қатерлі ісік қызымыздың бойына қайта қонады. Ал, оның соңын ойлаудың өзі қоқынышты.  

Қазір Айымжанның еміне ақша жинау мақсатында түрлі акциялар өтіп жатыр. Оған мектеп оқушылары да үлес қосуда. Дегенмен, уақыт өте тығыз. Бірер күнде бала Германияда болуы тиіс. Сондықтан оның туыстары көмекті қайырымды жандардан күтеді.  

Реквизиттер:

Казкоммерцбанк: 4003 0327 7597 88 20 - Panzarbekova Kamilla,

Qiwi-кошелек: +77072225807,

Halykbank: 4402573554011652

Казкоммерцбанктің ағымдағы есеп-шоты: KZ4092615015FW847000

ИИН 620416400295 Roza Kaldybekova.

Байланыс нөмірлері: 87072225807, 87075511158, 87075511013. 

Instagram: @help_aimzhan

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір