• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:10:17
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 Әлеумет

1800 жастағы ғұндардың мәйіті Қытай жерінен табылды

Археологтар алғаш рет Қытайдан бұзылмаған ғұндардың  моласын тауып алды деп хабарлайды

Археологтар алғаш рет Қытайдан бұзылмаған ғұндардың  моласын тауып алды деп хабарлайды Қамшы  ақпараттық агенттігі mk.ru-ға  сілтеме жасай отырып. 

Хенан провинциясының орталық аймағын зерттеген археологтар 18 жерлеу орнын тапты.  Бұл жерлеу орнындағы мәйіттер шамамен 1800 жаста екендігі белгілі болды.  Зерттеушілердің болжамына сәйкес, бұл молалар осыдан 2000 жыл бұрын  Қытай жерінде көшіп-қонып жүрген ғұн тайпасына тиесілі болуы мүмкін.   

Зерттеушілер  табылған молаларға осы уақытқа дейін ешкім тиіспегендігін айтады. Бұл жерлеу орындарынан ғұндарға байланысты  көптеген тарихи деректер табылған. Бұл деректер арқылы ғұндар жайлы біраз мәлімет білуге болады. Тамақ пісірер кезде отқа қойған, екі жағында тесігі бар қола қазандықтар табылды.  Табылған заттарды көшпелі тайпалар ғана қолданатындықтан, зерттеушілер бұл ежелгі ғұн тайпасының жерлеу орны деп жобалап отыр. Сонымен бірге молалардан қанжар, сырғалар мен моншақтар тағы басқа осыған ұқсас тұрмыстық бұйымдар табылған.

Айта кететін тағы бір жайт, молалар іші кірпіштен жасалғандықтан, оларды Ұлы Қытай жазығындағы классикалық молалардың қатарына орналастыра алмаған. Олар  б.з.д. 25 жылдан бастап 200 жыл бойы өмір сүрген деп болжап отыр зерттеушілер.  Ғұндар Қытай жерін мекендеген кезде, олар өзгелерге қарағанда өркениет жағынан ерекшеленіп  тұрғандығын да жасырмады.

Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан Сычуан провинциясынан 10 000-ға жуық алтыннан, күмістен және өзге материалдардан жасалған заттар табылды. Бұл заттар Мин династиясына тиесілі болуы мүмкін. 

Аударған: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір