• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

04 Шілде, 02:46:04
+23°

04 Мамыр, 2017 NEWS

Астаналық бойжеткен 21-қабаттан құлап көз жұмды

Тергеу жұмыстары «Өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша қарастырылып жатыр, ал оқиғаға қатысты себебін анықтайтын нақты деректер әзірге белгісіз, деп...

Тергеу жұмыстары «Өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша қарастырылып жатыр, ал оқиғаға қатысты себебін анықтайтын нақты деректер әзірге белгісіз, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Информбюро басылымына сілтеме жасап.

Астаналық бойжеткен Бауыржан Момышұлы қиылысында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің 21-қабатынан құлап көз жұмды. Бұл жайында Ас тана ІІД ресми өкілі Софья Қылышбекова мәлімдеді.

«Полиция басқармасына 3 мамыр күні сағат 19:30 шамасында ақпарат келіп түсті. Аталмыш оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы бойынша «Өз-өзіне қол жұмсады» деп тіркелді. Қыздың жеке басына қатысты мәліметтер анықталды, ол 1997 жылдың тумасы. Аталмыш оқиғаға қатысты қажетті экспертизалардың барлығы да қолданылуда, іздеу жұмыстары басталып кетті», - деп хабарлады Астана ІІД.

Полиция қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, бойжеткен көпқабатты үйлердің бірінің балконынан құлаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір