• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:41:37
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 NEWS

Бір секундтта 5 трлн. кадр жасайтын видеокамера ойлап табылды

Швецияның Лауд университетінде бір секундтта 5 трлн. кадр жасайтын мүмкіндікке ие видеокамера ойлап табылды деп хабарлайды

Швецияның Лауд университетінде бір секундтта 5 трлн. кадр жасайтын мүмкіндікке ие видеокамера ойлап табылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.  

Салыстырмалы түрде ең жылдам видеокамера бір  секундтта 100 мың сурет түсіре алды.  Күнделікті өмірде бір секундтта мыңдаған кадр жасайтын видеокамералар қажет бола бермейді. Көп жағдайда химия,биология, физика саласындағы зерттеулер барысында қолданылады.

Әлемдегі ең жылдам видеокамераны жасаушылардың бірі, физик Элиас Кристенссонның айтуынша, бұл видеокамера көмегімен  аса тез жылдамдықтағы кадрларды түсіруге мүмкіндік аламыз. Жарылыстар, плазманың ұшқынын, жану процесін, химиялық реакцияларды емін-еркін түсіруге мүмкіндік береді.

FRAME деген атауға ие бұл видеокамера жасуша көлеміндегі құбылыстарды да түсіре алады. Келешекте осы тектес видеокамераларды түрлі өндірісте қолданысқа енгізуге болады, дейді Элиас  Кристенссон.

Видеокамераның желден де жылдам жұмыс істеуіне лазер, объектті түсіру кезіндегі  жарқыл мүмкіндік жасауда. Камера лазер сәулесін объекттен ажыратып, түзетеді. Артынан күрделі компьютер алгоритмінің көмегімен бөлек-бөлек кадрлар бір-бірімен жалғасып кетеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір