• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:21:32
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 NEWS

«Үйректің жұмыртқасы»... Сұлулық байқауының жеңімпазы дәл осы қыз болады деп ешкім ойламаған

Жақында Қытайда жергілікті компаниялардың бірі мектеп оқушыларының арасында сұлулық байқауына іріктеу өткізді. Кенеттен Цин Ци есімді қатысушының үміткер...

Жақында Қытайда жергілікті компаниялардың бірі мектеп оқушыларының арасында сұлулық байқауына іріктеу өткізді. Кенеттен Цин Ци есімді қатысушының үміткер ретінде желіге жариялаған суреті көпшіліктің назарын аудартты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Есімін «Үйректің жұмыртқасы» деп көрсетіп, «өз-өзіме сенімдімін» деген жазбамен №20 қатысушы болып тіркелген екен. Интернет қолданушылары бойжеткеннің суретін көріп, таңданыстарын жасыра алмады. Көптеген желі қолданушылары қызға пікір қалдырып, «оның өзіне деген сенімділігін құрметтеймін, оған дауыс берген дұрыс» деп жазған. Басқа ойыншыларға қарағанда Цин Циге берілген дауыс саны едәуір өсіп, бір күнде 360 000-ға жеткен.

Алайда сұлулық байқауын ұйымдастырушылар бұл қыздың фотосуретерінің ұрланғандығын анықтап, оның суреттерін қатысушы ретінде жүктеген өзі емес, достары болып шықты. Ұйымдастырушылар «Үйректің жұмыртқасы» деген атпен тіркелген қатысушыны байқаудан шығарып, суреттерін өшіріп тастаған. Алайда, желі қолданушылары ұйымдастырушылардың бұл ісіне наразылық білдіріп, қарсы шыққан. Кейіннен байқауға жауапты адамдар Цин Циге қайтадан хабарласып, мән-жайды түсіндіргеннен соң қыздың өзі бұл байқауға қатысуға келісім берген. Цин Цидің суретін желіге қайтадан жүктеп, нөлден бастап дауыс жинау қажет болған. Таңқаларлығы, қатысушы бір күннің ішінде 310 000 дауыс жинап үлгерді.

Нәтижесінде, «Үйректің жұмыртқасы» дауыс санағы бойынша алғашқы мектеп оқушылары арасындағы сұлулық байқауының жеңімпаз атанып, жеке марапатқа ие болды. Желі қолданушылары: «Бұл әділ және ашық түрдегі бәсекелестік болып табылады!» деп, Цин Циге қолдау көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір